Италияның Бірінші Дүниежүзілік Соғыстағы интервенциясы. «Ішкі майдан» және психологиялық мұра
DOI:
https://doi.org/10.26577/jh.2020.v97.i2.01Аннотация
Бұл мақаланың мақсаты – итальяндықтардың соғысты бастауға қатысты бөлінуінің, Антанта державаларына қосылуы себептері және соғыс жылдарындағы итальяндық қоғам туралы соңғы шыққан итальяндық пен шетелдік тарихнамамен таныстыру. Интервенцияның көптеген жақтастары соғыс ұлттық бірігуді аяқтайтын тамаша мүмкіндік деп есептеді. Бұл рационалдық мақсаттың астарында итальяндық халыққа оның сенімдігі күшею үшін ауыр сынақты жүктеуі мақсаттары жатыр. Интервенцияның солшыл жақтастары тікелей аумақтық мүдделердің шеңберінен тыс қарады және «халықтар түрмесінің», мысалға Габсбургтер империясының талқандалуына ұмтылды. Олардың бірі Бенитто Муссолини болды. Ол белгілі солшыл социалист еді және соғыс қарсаңындағы өзінің замандастарымен қарым-қатынасты үзді. Католиктер, социалистер және басқа да либералдар, жалпы алғанда елдің көп бөлігі араласуды қаламады, бірақ олардың оппозициясы баяу және пассивті болды. Итальяндық интервенция негізінен ұлттық азшылықпен басталған мемлекеттік төңкеріс еді. Дегенмен итальяндықтар үкіметтің шешімін бағынып қабылдап, окоптарда қаза болды. 1917 жылдың өзінде әсіресе Туринде бірінші қажеттіліктегі тауарлардың жетіспеуінен елеулі қиындықтар пайда болды. Орыс революционерлері мен Капореттоның жеңілісінің өзі социалстердің лоялдық және пассивтық қарым-қатынасын өзгертпеді. Жеңіске деген сенімділік бастапқыдан Франция мен Ұлыбританияның, әсіресе Адриаттық теңіздің шығыс жағалауы мен Түркияда Италияның қанағаттандыра алмайтындығы сияқты сезіммен де байланысты еді. Осылайша Италия соғыстан жеңуші мемлекеттен гөрі жеңілген мемлекет көңіл күйіндегі психологиялық жағдайда шықты. Түйін сөздер: Италия, бірінші дүниежүзілік соғыс, бейтараптылық, интервенция, «ішкі майдан».Жүктелулер
Как цитировать
Grassi, F. L. (2020). Италияның Бірінші Дүниежүзілік Соғыстағы интервенциясы. «Ішкі майдан» және психологиялық мұра. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 97(2), 4–11. https://doi.org/10.26577/jh.2020.v97.i2.01
Шығарылым
Бөлім
Вестник КазНУ: Серия историческая