Қазақстан тарихы бойынша жазба деректер

Авторлар

  • A. Т. Ахметжанова
  • Н. А. Тасилова
  • М. Д. Байдавлетова
        1346 387

Аннотация

Ортағасырлық Қазақстан тарихында XV ғ. соңы мен XVІ ғ. аяғына
дейінгі аралық ерекше орын алды. Өйткені, бір ғасырға созылған
осы бір тарихи кезең ішінде Қазақ хандығында тарихи маңызы зор
күрделі өзгерістер болып өтті. Қазақстан тарихын зерттеу үшін өткен
ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан
меңгеру өте маңызды болып табылады. Бұл мақалада Орталық
Азияда жазылған қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы
толық және құнды мәліметтер беретін XV-XVII ғасырлардағы парсы
тіліндегі жазба ескерткіштер қарастырылады. Өткеннің тарихын
қайта жаңғыртып, қайта қалпына келтіру үшін түрлі жазба деректерді
пайдаланып, ол деректердің ерекшелігі мен сабақтастығын, беретін
мағлұматтарының әралуандылығын талдап, объективті ақпараттарды
алу жолдарын қарастыруымыз қажет. XV-XVII ғасырларда Орталық
Азияда жазылған деректердің мәліметтері Қазақ хандығының
тарихынан анағұрлым толық және жан-жақты мағлұматтар береді.
Оларды тиімді түрде классификациялау зерттеушіге жүйелі әрі
толыққанды зерттеулер жүргізуге септігін тигізеді.
Түйін сөздер: дерек, деректану, теория, классификация, принцип,
әдіс

Жүктелулер

Как цитировать

Ахметжанова A. Т., Тасилова, Н. А., & Байдавлетова, М. Д. (2020). Қазақстан тарихы бойынша жазба деректер. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 83(4). вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/857

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая