XV ғ. соңы мен XVI ғ. басындағы Қазақ хандығы тарихының мәселелері
Аннотация
Автор бұл мақаласында XV ғ. соңғы – XVI ғ. алғашқы жылдарында ғы Қазақ хандығы тарихының кейбір өзекті мәселелерін қарастырады. XV ғ. соңғы ширегінде Қазақ хандығының Сыр бойы үшін жүргізген күрестері жемісті болып, қазақ билеушілері Сыр өңірінің біршама бөлігіне биліктерін орнатады. Негізінен, Сыр бойындағы қалалар Жәнібек хан ұлдарына тиесілі болады. Осы тұстан бастап Жәнібек хан ұлдары мен Бұрындық хан арасындағы қатынастарғa жік түседі. Бұл қатынас XVI ғ. алғашқы жылдарында одан әрі жалғасын табады. 1505/6-1510 жылдары Мұхаммед Шайбани ханның жорықтары қазақ билеушілері арасындағы қатынасты шиеленістіреді. 1510 жылғы Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі – Жәнібек хан әулетінің билігін біржолата Қазақ жерінде орнықтырады. Түйін сөздер: Қазақ хандығы, Бұрындық хан, Қасым хан, Сыр бойы үшін күрестер, Мұхаммед Шайбани хан.