Ортағасырлық Жанкент қаласының басты қақпасында 2019 ж. жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.19
        51 60

Аннотация

Мақалада ортағасырлық Жанкент қаласында 2019 ж.жүргізілген кешенді археологиялық зерттеулердің кейбір нәтижелері баяндалады.Жанкент қаласындағы қазіргі заманғы археологиялық зерттеулер сонау 1946 ж. ескерткіште Хорезм Археологиялық-Этнографиялық экспедициясыныңжетекшісі С.П. Толстовтың әуеден барлау тобымен бірге келіп, беткі қабаттан материалдар жинауынан және қалашықтың жоспарын сызудан бастау алады. Ескерткіште стационарлық археологиялық қазба жұмыстары 2005 ж. ғана басталды. Зерттеу жұмыстары РҒА Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология және Антропология институты, ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, ҚР БҒМ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасындағы үш жақты келісім шарт негізінде жүргізіліп келеді. 15 жылдықдалалық зерттеулер барысында Жанкент қалашығында тіршілік еткен тайпалардың материалдық мәдениеті бойынша қомақты материалдар жинақталды. Алайда, әлі күнге дейін қаланың қорғаныс құрылыстары мен ескерткіштің басты қақпасының құрылысы тиісті дәрежеде зерттелмей келді. Жоғарыда айтылған ақтаңдақтарды толықтыру мақсатында 2018 ж. қаланың шығыс қақпасында No7 қазба салынды. Екі жылдық далалыққазба жұмыстары барысында No7 қазбада 200 шаршы метр жер аршылып, бірнеше құрылыс қабаттары анықталды. Алдын ала болжамдар бойынша Жанкенттің басты кіру қақпасы, көршілес өңірлердегі, Оңтүстік Хорезм қалаларының қақпаларына ұқсас салынғандың байқалады. Түйін сөздер: Жанкент, оғыздар, ортағасырлық ескерткіштер, Сырдарияның төменгі ағысы, археология

Авторлардың биографисы

S. Bilalov, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

PhD докторант

A. Tazhekeyev, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қызылорда қ

тарих ғылымдарының кандидаты

Жүктелулер

Как цитировать

Bilalov, S., & Tazhekeyev, A. (2020). Ортағасырлық Жанкент қаласының басты қақпасында 2019 ж. жүргізілген археологиялық жұмыстардың нәтижелері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 96(1), 155–171. https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.19

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая