Оғыз тайпаларының түркі халықтарының этногенезіндегі орны: Орта жүз қазақтары мысалында
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.11Аннотация
Қазақ халқының қалыптаcуындағы оғыз компонентінің рөлі тарихнамада назардан тыс қалып келе жатқан мәселе болып табылады. Зерттеудің маңыздылығы соңғы жылдардағы тарихи зерттеулер мен ауыз әдебиеті үлгілерін (шежіре деректері, шежірелік аңыздар) заттай деректердің маңызды бір тобы ру-тайпа таңбаларының пайда болуын зерттеу барысында қазақ халқын құрап отырған ру-тайпалардың қалыптасуында оғыздық компоненттің ежелгі дәуірлерден бастап белсенді рөл атқарғанын көруге болады. Сондықтан мақалада қазақ ру-тайпаларының қалыптасуындағы оғыздардың рөлі талданады. Ру-тайпалар тарихымен терең байланысқан қазақ халқының тарихы тікелей рулық-тайпалық құрылымдар мен аймақтардың бірлігі негізінде зерделенеді. Мұндайда әрқашан ескеруді қажет ететін маңызды мәселе – қазақ халқын қалыптастырып отырған жалайыр, найман, қаңлы, қоңырат, адай, жаппас және т.б. осы тәріздес үлкен-үлкен рулар өздерінің этникалық бастауларын оғыздармен байланыстырады. Арғы тегін оғыздардан, қыпшақтардан және т.б. әртүрлі түркітілдес бірлестіктерден бастау қазақ халқының, ұлтының өзіне ғана тән тарихи ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Түйін сөздер : оғыз, қазақ халқы, ру-тайпалар, этногенез, шежіре.Жүктелулер
Как цитировать
Habyzhanova, G., Koshymova, A., & Baygaraev, N. (2020). Оғыз тайпаларының түркі халықтарының этногенезіндегі орны: Орта жүз қазақтары мысалында. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 96(1), 84–92. https://doi.org/10.26577/JH.2020.v96.i1.11
Шығарылым
Бөлім
Вестник КазНУ: Серия историческая