Ортағасырлардағы Орта Азия түркі тайпаларының әлеуметтік құрылысындағы сабақтастық мәселелері

Авторлар

  • М.А. Оскенбай
        218 59

Аннотация

Мақала Ортағасырлардағы Орта Азия түркі тайпаларының әлеуметтік құрылысы, оның ішінде билеушілер лауазымдарындағы сабақтастық мәселесіне арналған. Түркі тайпалары басшыларының есімдері мен лауазымдарынан, тайпа басшысына берілген «қаған» лауазымы бүкіл тайпа, халық атына ұласып, ол басшы билеген халық қағанат болып саналғаны анықталды. Сондай-ақ, қағанға оның атқарған қызметіне қарай, оның құрметіне қарай бір емес, бірнеше лауазым берілгенін Батыс түркі қағанаттары билеушілер есімдері негізінде мысал келтірілген: Сы-жабғу хан Толыс-тегін, Ирбис Ышбара (631-633 жж.), Ышбара-Толыс-шад хан (634-639 жж.), Халлық Ышбара-Жабғу хан (653-657 жж.) және т.б. Түркі, Батыс және Шығыс түркі, Түргеш, Ұйғыр, Қимақ, Қырғыз, Қарлұқ сынды қағанаттардың билеушілер лауазымы уақыт өте келе ауысқанымен, олардың негізгі қызметі дәл өзінің алдында болған билеуші топтардағыдай, сол қалпында сақталғанын атайды. Сонымен қатар, қытай жазбалары, араб деректері негізінде түркілерде жиі кездесетін жиырма сегіз билік лауазымын атап көрсетіп, олардың біразына салыстырмалы талдау жасалған. Нәтижесінде, автор VII-ХІІ ғасырлар арасында билік еткен түркі тайпаларының билеушілер титулдарында үзілмей келе жатқан тәртіп – сабақтастық бар екенін анықтайды.

Жүктелулер

Как цитировать

Оскенбай, М. (2017). Ортағасырлардағы Орта Азия түркі тайпаларының әлеуметтік құрылысындағы сабақтастық мәселелері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 84(1), 84–92. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/74

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества