Қазақ қоғамындағы саяси-потестарлық институттар тарихынан

Авторлар

  • М.К. Дауытбекова
        47 105

Аннотация

Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы саяси-потестарлық институттар тарихына қысқаша шолу жасалады. Саяси және дәстүрлі билік институттарының даму эволюциясы қарастырылып, тарихи кезеңдердегі орны ашып көрсетіледі. Қазақ халқының мыңдаған жылдардан бергі қалыптасқант қаған, хан сұлтан, аталық, билер, батырлар және ақсақалдар институты қазақ мемлекеттілігінің алтын қазығы ретінде талданып, тарихи кезеңдерде өмір сүрген ру, тайпалардың тарих парақтарының қойнауына енгенімен артынан өшпес мұра қалдырып отырғандығының түйінді тұстарын нақты тарихи деректер арқылы талданады. Қазақ халқының потестарлық–саяси иснтитуттарының тарихи бастаулары өте ертедегі қоғамдық қатынастардың қалыптасу кезеңдерінен бастау алары сөзсіз. Ежелгі кезеңде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар мемлекеттік тарихи даму сатыларында одақ болып бірігіп, биліктің жаңа үлгілерін өмірге әкеліп отырған. Еуразия даласының ұлы көшпелі мемлекеттері өз кезегінде тіршілігін тоқтатқанмен, артына өшпестей мұра қалдырып отырған. Ру, тайпа, одақ, жүз сынды тарихи дамуды бастан кешкен саяси-потестарлық билік тұлғаралық, топаралық, тайпааралық, ру, жүзаралық мәселелерді шешу қажеттілігі нәтижесінде әлеуметтік институттар деңгейіне көтеріліп, саяси-потестарлық биліктің негізін  құрды.

Жүктелулер

Как цитировать

Дауытбекова, М. (2017). Қазақ қоғамындағы саяси-потестарлық институттар тарихынан. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 84(1), 56–66. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/71

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества