«АРХЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» «МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2019-4-h13
        103 224

Аннотация

Мақалада бүгінгі қоғамдық сана мен ғылыми мәдениеттің қалыптасуында өткенді бағамдау арқылы тарихи оқиғаларға шынайы баға бере отырып, болашаққа бағдар жасау үшін архив материалдары мен ретроспективті құжаттарға деген қызығушылығы артуының өзектілігі айқындалған. Осы сұранысқа сай қабылданған мемлекет бағдарламалар мен жобалар Қазақстанда архив ісінің құрылымы мен қызметіне үлкен өзгерістер алып келді және жаңа міндеттер белгіледі. Соның ең бастысы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Археография және деректану ұлттық орталығы» ғылыми мекемесінің ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарының тәжірибесіне талдау жасалады. Осы орталықтың тікелей ұйымдастыруымен шетелдік архив қорларындағы Қазақстанға қатысты тарихи құжаттарды іздеп тауып, есепке алу, сақтау және жариялаудың жұмыстары бір ізге түсірілді. «Шетелдік архивтік Қазақстан» ұғымы негізделіп, отандық археографияның қалыптасуы мен дамуына елеулі ықпал жасаған орталықтың функциясын кеңейтуге қатысты ұсыныстар жасалады. 

Жүктелулер

Как цитировать

Khazretalikyzy, R. (2019). «АРХЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» «МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 95(4), 112–119. https://doi.org/10.26577/JH-2019-4-h13

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая