«КАСПИЙ МҰНАЙЫ» МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖАҢА ТАРИХИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
DOI:
https://doi.org/10.26577/jh-2019-3-h7Аннотация
Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде жоқ табиғи байлықтарға ие, әрі Еуразияның орталығындағы стратегиялық маңызды аймақта орналасқан еліміздің сыртқы саясаты мен экономикасында ерекше орын алатын саланың бірі мұнай-газ және көмірсутек бағытындағы ахуалды сараптаудың маңызы өте зор. Қазіргі тарихи сахнада, мемлекеттер арасындағы қарымқатынас саласында маңыздылығы артып отырған шикізат қорының ролі ерекше екендігі белгілі. Себебі әлемнің алпауыт елдерінің арасында дүниежүзілік қуат көздері үшін дипломатиялық тұрғыдағы күрестің жүріп жатқандығы ешкімге де құпия емес. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан қалыптасқан мәселелерді реттеуде шетелдік мемлекеттердің арасындағы бәскелестік мен мүдделер тоғысын есепке алуға бағытталған салиқалы саясат жүргізді және жеке мемлекет ретіндегі ұстанымдарын бекемдей алды. Мақалада Қазақстанның Каспий теңізі шекарасын айқындауға байланысты шектес мемлекеттермен жүргізген дипломатиялық іс-әрекеттері мен қуат саласында Каспий мұнайы мен газын тиімді пайдаланудың ерекшеліктері қарастырылады. Осымен бірге, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығынан бергі кезеңдегі Қазақстанның көмірсутек шикізаты саласындағы берік ұстанымдарына тарихи талдау жасау мақсат ретінде қойылады. Жұмыстың маңыздылығы Каспий өңіріндегі мұнай-газ бағытында еліміздің жүргізіп отырған саясатының арнайы тарихи тақырып ретінде қарастырылуында. Авторлар салыстырмалы-тарихи сараптама жасау негізінде мәселелік-хронологиялық әдісті қолдана отырып, саясаттағы мұнай факторының тарихын ашып көрсетеді.