Толыбай – алтын орда дәуіріндегі аса ірі қоғам қайраткері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h27Аннотация
Мақалада қазақ аңыздарының кейіпкері санатында жүрген Толыбай сыншының Алтын Орда мемлекетінің ішкі-сыртқы саяси-әлеуметтік істеріне белсене араласқан тарихи тұлға екендігі түрлі дереккөздермен дәлелденеді. Түркі халықтары әдебиетіндегі Толыбай сыншы жайындағы тарихи-фольклорлық туындылардың түп-төркіні Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан сияқты Алтын Орда билеушілерінің заманына барып тірелетіні, оның сонау хандық кезеңінен бергі дәуірге дейін алтын арқауы үзілмей жалғасын тауып келе жатқаны әртүрлі ғылыми деректермен дәлелденіп отыр. Сонымен қатар Толыбай сыншы туралы аңыздардың ел ішіне кең тараған шешендік өнер үлгілерімен, адамгершілік қағидаларымен астасып жататыны түрлі мысалдар арқылы көрсетіліп, Толыбай жайлы фольклорлық туындылардың қоғамдық-танымдық қызметі, олардың туындау себептері мен салдары талданады. Егер қазақтың аңыздары жайында бұған дейін де азды-көпті сөз болып келді десек, Толыбай сыншы туралы зерттеу тұңғыш рет жарияланып отырғанын ескертуіміз керек. Мақалада тарихи тұлға жайындағы аңыздардың идеялық мазмұны мен жанрлық табиғаты жөнінде қызғылықты тұжырым, қорытындылар жасалған.