Қазіргі кезеңдегі орталық азия мен түркияның қарым-қатынастары

Авторлар

  • K. Darkenov Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • L. Nursultanova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Sh. Shadayeva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h26
        73 122

Аннотация

Мақалада қазіргі кезеңдегі Түркия мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қарастырылады. Түркия өз ықпалын тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да кеңейтіп жатқандығын атап өту керек. Түрік бизнесі Қазақстан экономикасының түрлі салаларында қатысады. Екі жақты қарым-қатынастар оң серпінге және стратегиялық көзқарасқа ие. Түркияның аймақтағы ықпалы динамикалық күйде арта бастады. Анкара Орталық Азия мемлекеттеріне Экономикалық Серіктестік ұйымына, «Ислам конференциясы» ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мүше болып кіруіне ықпалын тигізіп, кейбір құжаттарды реттеу шараларын өзі атқарды. Түркия посткеңестік республикалар экономикасына инвестиция жасайды, түркиялық кәсіпкерлер бұл процестерге өздерінің үлестерін қосуда. Түркия әлемнің, Еуропа мен Азияның ең маңызды, бірақ сонымен бірге проблемалы өңірлерінің қиылысында орналасқан, ерекше белсенді және өршіл сыртқы саясатты жүзеге асырады. Түрік дипломатиясы аймақтағы ең жақын көршілерімен проблемаларды жоюға тырысады, оларды көп жақты диалог арқылы шешеді. Орталық Азиядағы Түркияның «жұмсақ күші» басымдықтарының қатарында білім және мәдениет саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды бөліп көрсетуге болады. 1991 жылдан бастап түрік мемлекеті, жеке кәсіпкерлер және үкіметтік емес ұйымдар Орталық Азия елдерінде көптеген оқу орындарын ашты, түрік лидерлері «Үлкен студенттік жоба» жобасын жүзеге асыра бастады.

Жүктелулер

Как цитировать

Darkenov, K., Nursultanova, L., & Shadayeva, S. (2019). Қазіргі кезеңдегі орталық азия мен түркияның қарым-қатынастары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 93(2), 200–208. https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h26

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая