ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ БАЛА ТУУ, ТӘРБИЕЛЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІЛІК ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Авторлар

  • N. Mazhikyzy әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • B. Kalshabaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h22
        70 105

Аннотация

Мақалада Қытай қазақтарының дәстүрлі мәдениетінің сақталуы мен ондағы жергілікті ортаның ықпалынан болған өзгерістер мен жаңғыру мәселелері қарастырылады. Авторлар, ондаған, жүздеген жылдар бойы шет елдерде өмір сүріп отырған қазақ диаспорасының тұрмыс-тіршілігіндегі дәстүрлілік пен жаңашылдықтың арақатынасын, жаңғыруға әсер еткен факторларды талдауға көңіл бөледі. Ақиқатында, Қытайдағы қазақтар ұзақ жылдар бойы өзге этникалық ортада өмір сүріп отырғандықтан олардың тұрмысында, сана-сезімі мен тілінде сол ортаның әсерінен болған өзгешеліктер жеткілікті. Олай болса, Қытай қазақтарының дәстүрлі мәдениетіне жергілікті ортаның тигізген ықпалын тарихи-этнографиялық тұрғыдан зерттеу этнология ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.
Сондай-ақ, Қытай қазақтарының бала ананың құрсағына біткеннен бастап, бала туу, оны азамат етіп тәрбиелеуге дейінгі жасалатын шілдехана, бесік той, атқа мінгізу, сырға той, сүндет той сияқты салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, қазақтардың дәстүрлі ұрпақты болу көзқарасы мен оны тәрбиелеуге байланысты дәстүрлілігі, оған Қытай модернизациясы мен қоғамдық-әлеуметтік саясатының әсерінен болған өзгерістер қарастырылады.

Жүктелулер

Как цитировать

Mazhikyzy, N., & Kalshabaeva, B. (2019). ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ БАЛА ТУУ, ТӘРБИЕЛЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІЛІК ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 93(2), 165–174. https://doi.org/10.26577/jh-2019-2-h22

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая