ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ӨРТЕП ЖЕРЛЕУ ДӘСТҮРІ: ГЕНЕЗИСІ МЕН ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2019-1-429Аннотация
Мақалада авторлар Шығыс Қазақстанның қола дәуірі мәселелерін қарастыра отырып, оның ішінде осы кезеңдегі өңірдегі қола дәуірі ескерткіштерінің қалыптасу мен таралу ерекшеліктері, миграциялық үдерістер, жерлеу дәстүрлеріндегі ерекшеліктер сынды мәселелерге кеңінен тоқталады. Федоров мәдениетінің өзіндік белгісі саналатын өртеп жерлеу дәстүрлерінің қалыптасуы мен аймақтық белгілерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар, мақалада қола дәуіріндегі жерлеу салттарының жергілікті халыққа тиістілігі немесе оған сырттан келген халықтардың ықпалы болды ма, деген түйткілді сұрақтарға жауаптар ізделді. Бүгінгі күнге дейін ғалымдар Шығыс Қазақстанның қола дәуірін қарастырғанда өлкені жапсарлас аймақтардан оқшау, бөлек зерттеп қарастырған. Мақалада ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми тұжырымдары салыстырыла талданды. Сондай-ақ, авторлар тарапынан археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Шыңғыстау өңіріндегі тың зерттеулер негізінде ғылыми қорытындылар ұсынылды.