СЫР ӨҢІРІ ЭПИГРАФИКАСЫ (Шиелі және Жаңақорған аудандары бойынша)

Авторлар

  • N. Mynzhas Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
  • Zh. Sydykova Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-326
        54 78

Аннотация

Мақалада Сыр өңірі эпиграфикасы туралы (Шиелі және Жаңақорған аудандары бойынша) зерттеулер нәтижесі баяндалады. Сыр өңірі эпиграфикасын зерттеу «Аймақ эпиграфикасы: рухани жаңғыру және ұрпақ сабақтастығы» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыру барысында мүмкін болды. Сыр өңірінің эпиграфикасын зерттеудегі басты мақсат аймақ тарихына және отандық тарихнамаға қатысты жаңа дерек көздерін ашу және ғылыми айналымға қосу болатын. Зерттеу жұмысы барысында, яғни, эпиграфикалық мұраларды іздестіру, табу және оларды есепке алуда далалық зерттеу әдістері: далалық барлау, тіркеу, есепке алу және ауызекі материалдарды жинақтау әдістері қолданылды. Тіркеліп, есепке алынған эпиграфикалық мұралардағы араб тіліндегі жазулар қазақ тіліне аударылды. Зерттеулер нәтижесі көрсеткеніндей, Сыр өңіріндегі (Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы) эпиграфикалық мұралар, негізінен, құлпытастардағы жазулар болып табылады. Олардың дені ескі қорымдарда, оның ішінде жергілікті халық киелі орын санайтын әулие кісілер жерленген қорымдарда шоғырланған. Құлпытастардағы ақпарат жерленген кісінің аты-жөні, руы, қайтыс болған жылы сияқты деректерді қамтиды. Сонымен қатар, құлпытастарда құран аяттары ойып жазылған. Жинақталған материалдар XIX ғ. – XX ғ. басындағы Сыр өңіріндегі рулардың орналасуы жайлы деректерді толықтыруға үлес қосатыны сөзсіз.

Жүктелулер

Как цитировать

Mynzhas, N., & Sydykova, Z. (2019). СЫР ӨҢІРІ ЭПИГРАФИКАСЫ (Шиелі және Жаңақорған аудандары бойынша). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 91(4), 287–297. https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-326

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая