ҚАЗАҚСТАНҒА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-4-318Аннотация
Ұлы Отан соғысы кезінде майдан өтіндегі халықтарды тылға, қауіпсіз жерге қоныс аудару үдерісі жалпылама жүргізілді. Осы үдерістің ең басты орталығы – Орта Азия, оның ішінде Қазақстан болған болатын. Аталмыш мақалада Қазақстанның Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жеріне қоныс аударған халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы сипатталған. Сол кездегі мұрағатта сақталған құжаттарға негізделе отырып, мақалада қоныс аударушылардың тұрмыстық қиындықтары, азық-түлік және тұрғын үй мәселелеріне зерттеу жүргізілген. Бұл зерттеу тек көшіп келушілер ғана емес, жалпы сол кездегі республиканың жағдайына бағытталған. Әскери жағдай кезіндегі бейбіт тұрғындар мен көшіп келушілердің жалпы қатынасына да тоқталған. Қоныс аудару жұмыстары соғыс кезінде жүргізілгендіктен өте қиын және қатаң жағдайда жүргізілді. Бұл кезеңде, ең алдымен жағдайды жасауға емес, жылдам уақытқа негізделді. ҚазКСР басшылығы орналастыру жұмысын қадағалап, дұрыс жүргізуге тырысқанымен, жергілікті жердегі кадрлардың жетіспеуі, материалдық шығындардың орнын толтыратын қаржылай көмектің болмауы көші-қон мәселесінде көптеген мәселелер туындатып, жеткілікті жағдайда көмек көрсете алмады.