АЗАТТЫҚ ҮШІН АЗАПҚА ТӨЗГЕН (Ж. Сәбитованың жеке тектік қоры құжаттары бойынша)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-3-272Аннотация
Мақалада 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына байланысты өзінің көзқарастарын білдірген ұлтжанды, батыл әйел Жансая Әлкейқызы Сәбитованың Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивіндегі №369 жеке тектік қорының құрылуы және құрамы көрсетіледі. Автор Жансаяның өмірбаянына тоқталады. Қоғам қайраткерінің желтоқсан оқиғасына қатысуы және айыпталуына байланысты құжаттар талданады. Ж. Сәбитованың 17, 18, 19, 20 желтоқсан күндері көрген және бастан кешірген оқиғалар баяндалады. Көтеріліске қатысты Жансая дайындаған үнпарақтардың мазмұны ашылады. Ж. Сәбитоваға Қазақ ССР Қылмыстық істер кодексінің 60 және 65 бабы бойынша «желтоқсан оқиғасының ұйымдастырушысы, арандатушы және белсенді қатысушысы» айыбының тағылу себептері анықталады. Жансаяның түрмеге жабылуы, онда көрген азабы мен қорлығы қор құжаттары негізінде көрсетіледі. Абақтыдан босатылуы, педагогикалық қызметіне қайта оралуы, Алматы қалалық қуғын-сүргін құрбандары қоғамының төрайымы қызметін атқаруы туралы айтылады. Кеңес Одағы деп аталатын алып империяның ыдырауын жеделдеткен тарихи көтерілістегі Ж. Сәбитованың рөліне баға беріледі.