АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АЛШЫН АТАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-3-267Аннотация
Мақалада Қазақ халқының Кіші жүзінің құрамындағы Алшын тайпалар одағының атауына байланысты тарихи әдебиетте таралып кеткен аңызға талдау жасалады. Мұндайда автор Алшын тарихи атауын Ашина әулетіне байланысты атаумен салыстыра талдаулар жасай келе Алшын атауының да ҮІІІ ғасырлардан бастау алатын көне атау екенін көрсетпек болған. Мұндайды Алшын деген тарихының аңыз бойынша Қалша (Алшын) Қадыр аталғаны атап көрсетіледі. Бұл кісі атының көнелігін автор ҮІІІ ғасырдағы Күлтегіннің бас киіміндегі құс бейнесін мысалға ала отырып, шөлден және аштықтан қаталап, әскерден қалып қойған және өлім аузында жатқан осы Қалша (Алшын) Қадырды аспаннан қалықтап түскен ақ қаз (қаз ақ) құтқарып алыпты деген аңызды басшылыққа алады. Автордың Ашина деген кісімен Қалша (Алшын) Қадыр тағдырындағы ұқсастықтарды салыстыра талдауы шынында да бұл аңыздарда сюжеттік ұқсастықтар бар екендігін аңғартады. Аңыз дерек негізінде Алшын атауының көнелігін дәлелдемек болған автор бұл атаудың «қазақ» этнонимі қалыптаса бастаған тұстағы қазақ тайпаларының басын қосудағы маңызына да тоқтала кетеді. Мұндайда Қазақ хандығы тұсында қалыптасып біткен шежірелік деректерге сүйенген автор осы тайпалық одаққа біріккен Байұлы, Әлім және Жетіру тайпаларының бас қосу тарихына да шолу жасауды ұмытпайды. Бұрын тарихи әдебиетте зерттеушілер назарларын аудара қоймаған бұл мәселе зерттеушілер үшін маңызды болса керек.