ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР: ХАЛЫҚ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH1201202613Кілттік сөздер:
демография, этникалық тегі, халық саны, халық санының өсу динамикасы, ұлт, табиғи өсім, көші-қон, әлеуметтік-экономикалық жағдай, этнодемографиялық процестер, кемсітушілік, «жасырын» жағдай.Аннотация
Қырғызстан тәуелсіздік алғаннан бері нарықтық экономикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың барысы, сондай-ақ елдегі әртүрлі қиындықтар халықтың даму динамикасына, құрамы мен құрылымына әсер етті. Сондықтан, республикадағы этнодемографиялық процестерді мұқият және кешенді зерттеу қазіргі уақытта өзекті мәселе болып табылады. Бұл мақалада қазіргі жағдайға негізделген статистикалық деректер мен этнодемографиялық процестер талданады және 1989 жылдан 2022 жылға дейін Қырғызстанның оңтүстік аймағының халық санының динамикасы мен этникалық құрамындағы өзгерістердің этноәлеуметтанулық зерттеуі жүргізіледі. Этнодемографиялық өзгерістерге әсер ететін негізгі факторлар - халық санының өсуі, көші-қон процестері және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар. Этносаралық қатынастарға және олардың демографиялық жағдайға әсеріне ерекше назар аударылады. Алынған деректердің сипаттамаларына және этносоциологиялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, этносаралық өзара әрекеттесуді жақсарту бойынша ұсыныстар берілген, себебі бұл әлеуметтік тұрақтылық пен әлеуметтік негіздерді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.








