ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АРХИВТЕРІ: ҮРДІСТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH1201202611
        25 4

Кілттік сөздер:

архив, цифрландыру, архив құжаттарын сандау, электрондық құжат, архив қоры, жасанды интеллект.

Аннотация

Цифрлық трансформация жағайында қоғамның барлық салаларында ақпараттық технологияларды пайдалану мен жетілдіру ерекше өзектілікке ие.  Қазақстандық қоғамда үнемі дамып келе жатқан цифрландыру үдерістері мемлекеттік мекемелердің, соның ішінде архивтердің алдына жаңа міндеттер қояды.

Мақалада автор цифрлық трансформация жағдайындағы архивтердің рөлін талдайды. Мақсаты-ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен кең таралуына байланысты Қазақстандағы архив ісін цифрландыруды жан-жақты талдау. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты талдау оның жүйелі және дәйекті сипатын, әлемдік үрдістерге сәйкестігін көрсетеді. Ақпараттық қоғамды, электрондық үкіметті қалыптастыру және экономиканы цифрлық трансформациялау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік органдардың қызметіне ақпараттық технологияларды жедел енгізуге және дамытуға ықпал етті.

Мақалада Қазақстанның архив саласының негізгі бағыттарына, ең алдымен, электрондық құжаттарды архивтік сақтауды ұйымдастыруға, ҚР Презиентінің Архиві мысалында архив құжаттарын сандық нысанға өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, заманауи ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық технологияларға қолжетімділікті кеңейту басымдықтарға айналды.

Архивтердің цифрлық трансформациясы-бұл тек техникалық үрдіс емес, қазіргі әлемдегі архивтердің рөлін қайта қарастыруға бағытталған мәдени және институционалдық өзгеріс. Яғни, архивтерді келешек ұрпақ үшін өткен тарихы жайлы шынайы ақпараттарды сенімді сақтауды қамтамасыз ете отырып, жаһандық ақпараттық кеңістікке біріктірілген динамикалық білім орталықтарына айналдыруға мүмкіндік береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Мұстафина, А. (2026). ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АРХИВТЕРІ: ҮРДІСТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 120(1). https://doi.org/10.26577/JH1201202611

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история