«ҮСТІРТ ИСЛАМ» ТҰЖЫРЫМЫ МЕН ДӘСТҮРЛІ АУЫЗША ТАРИХ МӘЛІМЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ (XIX Ғ.-XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH120120261
        153 6

Кілттік сөздер:

қазақтар, ислам, патшалық, постколониалдық дискурс, «үстірт ислам», «бес парыз», дәстүрлі ауызша тарих, шежірелер, қарама-қайшылық, қайта бағалау.

Аннотация

Қазақ исламтануының (исламды қазақ мәдениеті мен тарихы контексінде зерттеу) қазіргі жағдайы бізге Отан тарихы мен қазақ мәдениетінің генезисіндегі ислам факторын теориялық тұрғыдан қайта қарастыру мәселесін көтеруге мүмкіндік береді. Өз тарихының ұзақ кезеңінде – XVIII-XX ғасырларда – қазақ этникалық қауымдастығы «ортақ жадыға» негізделген  діндарлығы жайлы өзіндік нарративін (баянын) және өзін-өзі мәдени сәйкестендіруін ұсынуға мүмкіндігі болмады. Шығыстың басқа халықтары сияқты, қазақтар да өздерінің мәдени сәйкестілігін отаршыл «ориенталист»-конструкторлардың репрезентациялауымен (қайта құрастыруымен) санасуға, ресейлік мемлекеттіліктің мұсылмандық бірегейлікті әлсіретуге бағытталған саясатымен байланысты көшпенділердің «үстірт исламы» жасанды тұжырымын мақұлдауға мәжбүр болды. Сонымен қатар, XIX ғасырдағы қазақтар өздерінің ішкі өмірінің көптеген аспектілерін империялық әкімшіліктен жасыруға тырысқаны да қисынды, бұл да шатасушылыққа ықпал еткен. Ең соңында, XIX ғ. орыс-еуропалық авторларының арасында қазақтардың мұсылманшылығы әлсіз деген пікірге келіспегендері де болғанын ескерту маңызды, және өз ізашарларының еңбектерінде  «ориентализм» элементтері болмады дегенді бүгінгі ресейлік авторларының барлығы жақтамайды.  

Мақалада, бір жағынан, орыс және советтік академиялық ғылымда үстемдік құрған «әлсіз ислам» көзқарасы, далалық қазақтарды исламға «немқұрайлы» болды деген таптаурын мен, екінші жағынан, Орта жүз қазақтарының ауызша тарихынан алынған баламлықа мәліметтер арасындағы қарама-қайшылық ашылып көрсетіледі; соңғылары, керісінше, жаппай діни қиссаларға, мұсылмандық білім беру мен діндарлық стандарттарына құмарлығы, Меккеге қажылыққа баруға деген құлшынысы сияқты (қиындықтарына және қажылар арасындағы өлім-жітімнің жоғары болуына қарамастан) белгілерден байқалатын халықтың толыққанды мұсылмандық бірегейлігін көрсетеді. Зерттеуде М.Көпеевтің қолжазбаларынан және басқа қайнаркөздерден алынған ауызша тарих деректері, сондай-ақ діни тұлғалар туралы авторлық далалық зерттеулері пайдаланылады. «Исламсыз номадизм» таптаурыны постколониалдық дискурс аясында пайымдалуы керек. Орыс-еуропалық ғылымның рөлін төмендетпей, бірақ сонымен бірге қазақ мұсылман қауымдастығы жайлы анағұрлым объективті пікірді және ұлттың діни дәстүріндегі ислам мен сопылықтың орталық рөлін мойындау қажеттігі туындайды.

Жүктелулер

Как цитировать

Нұртазина, Н., & Қыдыр T. (2026). «ҮСТІРТ ИСЛАМ» ТҰЖЫРЫМЫ МЕН ДӘСТҮРЛІ АУЫЗША ТАРИХ МӘЛІМЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ (XIX Ғ.-XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАЛАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 120(1). https://doi.org/10.26577/JH120120261

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества