ТҮРІК ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОНЫСТАРЫ МЕН ҰЛЫ КӨШІ-ҚОНДАРЫ ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ ЫҚПАЛЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511911
        40 17

Кілттік сөздер:

түркі халықтарының этногенезі, атажұрты, көші-қон тарихы, Еуразия кеңістігі, мәдени алмасулары, қазіргі қоныстанған аймақтары, өзара қарым-қатынасы, этномәдени ықпалы.

Аннотация

Бұл мақалада түрік тілді халықтардың шығу тарихы, ежелгі ата-мекені және ұлы көші-қондары сондай-ақ қоныс аударудың әртүрлі себептері тарихи тұрғыда зерделеніп, сан ғасырға жалғасқан тарихи-географиялық қозғалыстарының нәтижесінде қалыптасқан қазіргі дүниежүзіндегі мекендеген аймақтары мен мемлекеттері  талқыланады. Осы арқылы ежелгі және ерте-орта ғасыр, дамыған орта ғасыр кезеңдерін  қамтыған мыңдаған жылдарға созылған көші-қон қозғалыстарының түрік тілдес халықтардың Еуразия даласындағы үстемдігінің қалыптасуындағы рөлін көрсетеді.

Мақаланың негізгі мақсаты — түркі тілдес халықтардың тарихи-географиялық қоныстары мен ұлы көші-қон үдерістерін кешенді түрде зерттеу арқылы олардың Еуразия кеңістігіндегі этномәдени және өркениеттік ықпалын анықтау. Бұл ретте түркі халықтарының этногенезі, ежелгі отандары, қоныс аудару себептері мен бағыттары, сондай-ақ көші-қонның тарихи, саяси, әлеуметтік және экономикалық салдарын жан-жақты талдау көзделеді.

Мақаланың мазмұны мен алға қойған міндеттеріне байланысты әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды. Мәселен,  Ежелгі Қытай, Еуропа,  Ресей және Түрік, Араб сондай-ақ Орталық Азия ғалымдарының еңбектеріндегі тарихи құжаттар, көне мәтіндер мен жазбаларды зертеуде тарихи-мәтіндік салыстырып талдау әдісі, көші-қон жолдары мен географиясын қарастыруда тарихи карталар әдісі,  табиғи-географиялық, климаттық деректерді зерттеуде георафиялық-экологиялық зерттеулер әдісі және көші-қонға әсер еткен әлеуметтік құрылымдарды, таптық бөліністерді және экономикалық факторларды, оның ішінде көшпелі мал шаруашылығы мен сауда жолдарының қозғалысты жеңілдетудегі рөлін зерттеуде әлеуметтік-тарих әдістер және басқада зерттеу әдістері қолданылды.

Мақаланың ғылыми жаңалығы ретінде, төмендегі тұжырымдарды атап айтуға болады: Түркі халықтарының көші-қон тарихы алғаш рет әртүрлі дереккөздер (Қытай, Еуропа, Ресей, Араб және Түркі) негізінде көпқырлы салыстырмалы-мәтіндік талдау әдісімен зерттелді; Көші-қон қозғалыстарының географиялық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлары біртұтас тарихи үдеріс ретінде қарастырылды; Сәулеттік антропология мен молекулалық генетика әдістерін қатар қолдану арқылы түркі халықтарының мәдени-антропологиялық сипаты жаңа қырынан ашылды; Түркі халықтарының көші-қон арқылы Еуразия кеңістігіндегі геосаяси және этномәдени ықпалы қазіргі заманмен сабақтастырыла зерделенді.

Мақаланың зерттеу ауқымдылығына байланысты төмендегідей нәтижелер алынды: Түркі халықтарының ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі көші-қон қозғалыстарының тарихи-географиялық картасы ұсынылып, қазіргі таралу аймақтарымен байланысы көрсетілді; көші-қон үдерістерінің мәдени алмасуға жасаған ықпалы айқындалды; түркі халықтарының Еуразияның әртүрлі аймақтарында мәдениет, шаруашылық, қала өмірі және сауда жолдарының дамуына қосқан үлесі нақтыланды; зерттеу нәтижелері түркі халықтарының этногенезі мен тарихи-мәдени эволюциясын терең түсінуге негіз болады.

Қорыта айтқанда, бұл зерттеу Орталық Азияның кең далалары мен тауларында тіршілік еткен  түрік халықтары Азияның, Еуропаның және Таяу Шығыстың көптеген бөліктерінде жарқын мәдениеттер жасап адамзат өркениетіне зор үлес қосты.  Түрік халықтары осы көші-қондары арқылы Еуразия даласындағы іргелі географиялық кеңістікке ие болды. Бұл қазіргі кездегі геосаяси және геоэкономикалық мүдделердің тоғысында ерекше маңызды рөл ойнап отыр. 

 

Жүктелулер

Как цитировать

Сарқытқан, Қ., & Әмірбекова, С. (2025). ТҮРІК ТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ТАРИХИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОНЫСТАРЫ МЕН ҰЛЫ КӨШІ-ҚОНДАРЫ ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЭТНОМӘДЕНИ ЫҚПАЛЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 119(4). https://doi.org/10.26577/JH202511911

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история