ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГУЛАГ ЛАГЕРЛЕРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ МЕН ДЕРЕКТАНУЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС
Аннотация
Қазақстан лагерьлері ГУЛАГ тарихын дайындау бойынша жинақ жарық көргенге дейін зерттеу сипатындағы кейбір жұмыстар ғана болды. Бұл зерттеулерде балалар лагерлері аспектісі өте тар шектелген еді. Бұған басты себеп архивтік қорлардың қолжетімсіздігі болды. 1920-1950 жылдардағы саяси репрессия құрбандарына толық түрде қалпына келтіру жөніндегі Мемлекеттік комиссия жұмысы аясында осы мәселені шешу арқылы лагерьдегі балалар тарихы бойынша қажетті құжаттық негізді қалыптастыру міндетін сәтті шешуге қолайлы жағдайлар жасалды.