ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ОҢТҮСТІК БЕТКЕЙІНДЕГІ ҮШБҰЛАҚ-1 АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ (2024 ЖЫЛҒЫ ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025118317
        31 3

Кілттік сөздер:

Шығыс Қазақстан, Тарбағатай жотасы, Үшбұлақ, қорым, ерте темір дәуірі, қола дәуірі, петроглифтер, қоныс.

Аннотация

Мақалада 2024 жылғы далалық маусымда Үшбұлақ кешеніндегі археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері берілген. Тарбағатай жотасының оңтүстік етегінде орналасқан кешен қола дәуірінің қорымынан, отырықшылық сипаттағы 10 көпқабатты тұрғын жайдан, сондай-ақ петроглифтердің бірнеше тобынан тұрады. Зерттеудің мақсаты – Үшбұлақ археологиялық кешенінің мәдени-хронологиялық тиістілігін анықтау. Бүгінгі таңда кешендегі әртүрлі археологиялық ескерткіштерді зерттеудің ғылыми маңызы зор. Өйткені ол ежелгі қоғамның бүкіл тіршілігін анықтауға мүмкіндік береді. Міндеттерді шешу үшін кешен мен оның материалдарын зерттеу біртұтас жүргізілді. Зерттеу барысында, ең алдымен, жалпы археологияның дәстүрлі әдістері қолданылды: кешенді әдістер қолданылған қазба жұмыстары, сонымен қатар елді мекендер мен су көздеріне сілтеме жасай отырып, ескерткіштерді картаға түсіру, қорымдардың жер бедері мен орналасуын зерттеу, материалдық кешеннің жіктелуі, ұқсастық және жаратылыстану әдістері бойынша мерзімдерін анықтау әдістері. Көрсетілген далалық маусымда жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 2 оба-қоршау, 1 қоныс және жартастағы суреттер кешені зерттелді. Салыстырмалы типологиялық талдау, сондай-ақ радиокөміртекті 14С AMS анықтау барысында бұл екі жерлеу қола дәуіріне жатқызылды. Қорымға жақын орналасқан тұрғын жайды зерттеу бұл аймақта адамдардың әртүрлі тарихи кезеңдерінде өмір сүргенін көрсетті. Шатқалдағы барлау жұмыстарының нәтижесінде бейнелері бар 17 жазықтық анықталды, олардың негізгі бөлігі де қола және ерте темір дәуірлеріне жатады. Суреттер жиынтығына тау ешкі, жылқы және бірнеше түйе фигуралары, сонымен қатар антропоморфтық кейіпкерлер мен итпен аң аулау көріністері кіреді. Үшбұлақ кешенінен алынған деректер болашақта жалпы аймақтың материалдық және рухани мәдениетін зерттеуге үлкен үлес қосады.

Жүктелулер

Как цитировать

Жуматаев R. ., & Ғалымжан N. (2025). ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ОҢТҮСТІК БЕТКЕЙІНДЕГІ ҮШБҰЛАҚ-1 АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕШЕНІ (2024 ЖЫЛҒЫ ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 118(3), 210–221. https://doi.org/10.26577/JH2025118317

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология