ОМБЫ МЕН СЕМЕЙ МҰҒАЛІМДЕР СЕМИНАРИЯЛАРЫН БІТІРГЕН ҚАЗАҚТАР (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы)

Авторлар

  • Т. Далаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-8901-063X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511835
        33 2

Аннотация

Қазақстан тарихында XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басы – бұл Империя құрылымдары мен идеяларының Дала өлкесіне белсенді түрде ену кезеңі. Ресей империясы қазақтың дәстүрлі қоғамын әлеуметтік тұрғыдан өзгерту мен жаңғыртуды көздеп, осы мақсатта ең басты салалардың бірі ретінде білім беру жүйесін таңдады. Бұл мақалада Омбы мен Семей мұғалімдер семинарияларын бітірген қазақтар туралы сөз болады. Империялық билік бұл тұлғалар арқылы Ақмола және Семей облыстарында біртектілік идеясын таратуға ұмтылды. Алайда, олар кейін ұлттық ағартушылықтың алғашқы қайраткерлеріне айналды.

Бұл жарияланымның мақсаты – архивтік және баспа материалдары негізінде аталған тұлғалардың есімдерін жаңғыртып қана қоймай, олардың қазақ халқы тарихындағы рөлін қайта қарастыру. Автор алғаш рет Омбы және Семей мұғалімдер семинарияларын бітірген қазақ түлектерінің өмірбаяндары мен есімдерін ғылыми айналымға енгізіп, оларды проспография форматында жүйелейді.

Жүргізілген зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы – бұрын белгісіз немесе біртұтас базаға біріктірілмеген есімдерді анықтап, жүйелеуінде. Бұл зерттеушілерге осы топтың әлеуметтік құрылымы, шыққан тегі, кейінгі мансабы мен ХХ ғасыр басындағы оқиғаларға қатысуы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Жұмыс Батыс-Сібір оқу округіндегі Омбы мен Семей мұғалімдер семинарияларының құрылу процесін, мақсаттарын және қазақ зиялыларының қалыптасуына әсерін зерделеу үшін тарихи-хронологикалық әдісті қолдануға негізделген. Сонымен қатар, тарихи-типологиялық әдістің маңызы зор болды, ол семинария тәрбиеленушілерінің әлеуметтік сипаттамаларындағы ортақ белгілер мен ерекшеліктерді анықтауға көмектесті.

Бұл адамдардың өмір жолын талдай отырып, мақала олар империялық біртектілік саясатының өнімі бола тұра, кейін ұлттық ағартушылықтың қозғаушы күшіне айналып, қазақ зиялыларының негізін қалағанын көрсетеді. Зерттеу барысында Омбы мұғалімдер семинариясының 20 (1872–1919 жж.), Семей мұғалімдер семинариясының 26 (1903–1920 жж.) қазақ түлегінің есімі анықталды. Осылайша, бұл зерттеудің құндылығы тек тұлғалар туралы біліміміздегі олқылықтардың орнын толтыруда ғана емес, сонымен бірге XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Дала өлкесіндегі әлеуметтік-саяси өзгерістер аясында Ресей империясының оқу орындарын бітірген қазақ түлектерінің жалпы жүйелі бейнесін жасауға көмектесуінде.

Жүктелулер

Как цитировать

Далаева, Т. (2025). ОМБЫ МЕН СЕМЕЙ МҰҒАЛІМДЕР СЕМИНАРИЯЛАРЫН БІТІРГЕН ҚАЗАҚТАР (XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 118(3), 48–64. https://doi.org/10.26577/JH202511835

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества