ҮЛКЕН ҚАРАТАУДЫҢ ҚОЛА ДӘУІРІ ПЕТРОГЛИФТЕРІНДЕГІ АНТРОПОМОРФТЫ ОБРАЗДАР МЕН СЮЖЕТТЕРДІҢ CЕМАНТИКАСЫ

Авторлар

  • С. Мургабаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан https://orcid.org/0000-0002-4087-4592
  • Л. Малдыбекова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан https://orcid.org/0000-0002-7154-4350

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025118320
        20 1

Аннотация

Мақала Қазақстанның оңтүстік өңірдегі Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының аймағын оңтүстік-шығыс, солтүстік-батысқа бойлай орналасқан Үлкен Қаратау жотасының  жартас суреттері арасынан қола дәуірімен мерзімделетін бейнелер және олардың ішкі семаникасын саралау тақырыбында жазылған. Қаратау жотасындағы зерттеулер арқасында соңғы 20 жылдан астам уақытта жинақталған мыңдаған материалдар негізінде өңірдің жартас суреттерін мерзімдеу мәселелерін қайта қарастырып, толықтырулар енгізіліп отыр. Қола дәуірінің бейнелерінің мерзімдік шегаралары алғашқы зерттеулерде көрсетілгендей б.з.д. ІІ м.ж. ортасы емес, соңғы нәтижелер бойынша б.з.д. ІІІ м.ж. соңы мен б.з.д. ІІ м.ж. басы деген қорытындыға келіп отырмыз. Сондай-ақ қола дәуіріне тән жекелеген бейнелер мен үлкен композиция ретінде кескінделген бейнелер арасынан Жер бетінің барлық бөлігінде дерлік кездесетін «әйел -ана» мен «өсіп-өну культіне» байланысты образдар хақындағы шағын зерттеулер нәтижесі беріліп отыр. Өз бастауын сонау жоғарғы палеолиттен алатын « палеолиттік Венералар деген атаумен белгілі «әйел-ана» образы өз сипатында өте әмбебап сипатқа ие образдар екендігін айтып өтуіміз керек. Бұл пішіндегі бенелердің заттай мәдениеттегі баламалары мен этнографиялық, фольклорлық, мифологиялық текстердегі баламаларымен байланыстыра отырып саралау жасалынып отыр. Жалпы «әйел-ана» образының сан алуан қызметі жайлы көптеген теңестірулер бар. Ол, «Жер-Ана», «Су-Ана», «орман, аңыздар құдайы», «өнімдік-өсімдік құдайы», «аграрлық құдай», «босанған әйелдерді қорғаушы», «арғы (алғашқы) ана» т.б. сипатқа ие деген тұжырым жасалынады.

Жүктелулер

Как цитировать

Мургабаев, С., & Малдыбекова, Л. (2025). ҮЛКЕН ҚАРАТАУДЫҢ ҚОЛА ДӘУІРІ ПЕТРОГЛИФТЕРІНДЕГІ АНТРОПОМОРФТЫ ОБРАЗДАР МЕН СЮЖЕТТЕРДІҢ CЕМАНТИКАСЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 118(3), 245–261. https://doi.org/10.26577/JH2025118320

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология