ТАСТЫӨЗЕК-1 ҚОРЫМЫНДАҒЫ (ҚОҒАЛЫ АҢҒАРЫ) 2025 ЖЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2025118318Кілттік сөздер:
Жетісу, Қоғалы, археология, ерте темір ғасыры, сақтар, қорымАннотация
Қоғалы алқабындағы археологиялық кешеннің бір бөлігі болып табылатын Тастыөзек-1 қорымы төрт қорғаннан тұрады. Тақырыптың өзектілігі: бұл кешен ерте темір дәуіріндегі қорғандардан тұратын қорым санатына кіреді және оның бір бөлігі ауыл шаруашылық жұмыстары салдарынан жойылу алдында тұрғандықтан нысанды шұғыл түрде зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Жұмыстың мақсатына Қоғалы алқабындағы сақтардың хронологиясы мен әлеуметтік-экономикалық тарихы мәселелерін қарау кірсе, міндеттеріне жерлеу инвентарын талдау және сипаттау; заттай мәдениеттің даму динамикасын анықтау; археологиялық ескерткіштердің ерекшелігін айқындау; Қоғалы алқабындағы және оған іргелес аумақтардағы сақ қауымдастықтарының мәдени-экономикалық байланыстарын саралау және т.б. Зерттеудің методологиялық негізіне археологиялық зерттеу тәсілдерін салыстырмалы талдау арқылы, үдерістер мен құбылыстарды олардың динамикалық дамуында және олардың алуан түрлілігінде қарауға мүмкіндік беретін шынайылық пен тарихилық принциптерін анықтау жатады. Жұмыста типологиялық, тарихи-жүйелік, тарихи-салыстырмалы және тарихи-генетикалық әдістер, сондай-ақ қазіргі археологияда қолданылатын пәнаралық тәсілдер қолданылды. Қарастырылып отырған Тастыөзек ескерткіштерін зерттеу жұмыстары 2025 жылы басталды. Бұл мақалада Тастыөзек-1 қорымына кіретін екі қорғаннан алынған материалдар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: археологиялық материалдар негізінде сақ мәдениеті бұйымдарының әртүрлі санаттарын айғақтайтын хронологиялық шеңбер айқындалған; оның даму динамикасы қарастырылған; жерлеу рәсімі мен құрал-саймандарды егжей-тегжейлі талдау негізінде Қоғалы алқабындағы, оның ішінде Жетісу аумағындағы археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктері анықталды. Сыртқы құрылысы мен жерлеу жабдықтарына қарағанда жоғарыда аталған некрополь шағын отбасылық топқа тиесілі болуы мүмкін. Қорымның хронологиялық шеңбері б.з.б. VІ-ІV ғасырлармен мерзімделінеді. Қорым сақ мәдениетінің Қоғалы археологиялық кешеніне кіретін басқа да ескерткіштермен қатар сипатталады.
