ҚАРАДАЛА АЙМАҒЫНЫҢ ТАРИХИ ТОПОНИМИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2025118313Кілттік сөздер:
Историческая топонимика, микротопонимы, Карадала, Илийский край, Чунджа.Аннотация
Мақала Қарадала өңірінің тарихи топонимикасының мәселелеріне арналған. Қарадала аймағы Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде Іле Алтауының етегінде Кетпен-Ұзынқара тау жоталары мен Іле өзені аумағындағы ойлы-қыратты жазық далалық аймақ. Қарадала топонимі негізінен халық жадында сақталған атау. Оңтүстігінде Кетпен (Ұзынқара, Үйсін) тауы, батысында әлемге әйгілі Шарын шатқалы орналасса, солтүстігі – адырлы-төбелі жазық. Солтүстік-шығыс Жетісудың бөлігіне жататын Қарадала аймағы қазіргі Алматы облысы Ұйғыр ауданының аумағын қамтиды.
Зерттеудің методологиялық ұстанымдары өткенді мұралану тәжірбиесін тарихи талдау арқылы тарихи ландшафттың мәдени мұрасын осы жердің бірегейлігін жеткізуші (genius loci) ретінде қарастыруға негізделеді.
Мақаланың негізгі материалдарын ортағасырлық жазба деректер, жаңа заман дәуіріндегі картографиялық мәліметтер мен саяхатшылардың жолжазбалары, сонымен қатар автордың далалық материалдары құрайды. Аймақтағы Шонжы, Дардамты, Добын, Шарын, Кетпен, Сүмбе, Ават және т.б. топонимдердің қалыптасуын талдай отырып, этносаяси үдерістердің ерекшеліктеріне назар аударылады.
Нақты бір микроаймақтың тарихи топонимикасын талдау негізінде Қазақ халқының этникалық тарихының мәселелері, Қазақ хандығының оңтүстік-шығыс аймағының шекарасы, этникалық аумағының қалыптасуы, аймақтың этникалық құрамының өзгеруінің мәселелеріне назар аударылады.
