ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ТОЛЫҚТЫРУ КӨЗДЕРІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2025118311Аннотация
Бұл мақалада мемлекеттік архив пен оның толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты- электрондық құжат айналымы жүйесінде қалыптасқан электрондық құжаттарды автоматтандырылған түрде архивтік сақтау жүйесіне тапсыруға мүмкіндік беретін үлгі мен әдістемелік негіздерді ұсыну.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасындағы архив ісінің нормативтік-құқықтық базасы, электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесін қолдану тәжірибесі және Ресей Федерациясының осы саладағы озық тәжірибесі салыстырмалы түрде талданды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы- ведомстволық деңгейде қалыптасатын электрондық құжаттарды метадеректер негізінде автоматты түрде электрондық істерге біріктіріп, оларды ақпараттық архивтік жүйеге бағыттау алгоритмін ұсынуында.
Методология ретінде жүйелік-құрылымдық талдау, нормативтік-құқықтық шолу, функционалдық модельдеу және салыстырмалы әдістер қолданылды.
Нәтижесінде, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесі мен архивтік ақпараттық жүйелер арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ететін модель ұсынылды. Зерттеу архивтік сақтау процестерінің тиімділігін арттыруға, қағаз құжаттарға тәуелділікті азайтуға және цифрлық трансформацияны жеделдетуге бағытталған.