ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНДЕГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251172013

Кілттік сөздер:

Қазақстан музейлері, түркі халықтары, тарихи-мәдени мұра, музейлік этнография, ғылыми-зерттеу, әдіснама, мәдени-тарихи мұра, экспонат, музейлік зат.

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының музейлік кеңістігінде түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік аспектілері қарастырылады. Түркі халықтарының этномәдени ерекшеліктерін музей арқылы тану – қазіргі гуманитарлық ғылымдарда ерекше маңызға ие бағыттардың бірі. Мақалада музейлердің этнографиялық қорларында сақталған түркі мұрасының жинақталу, жүйелену және ғылыми айналымға ену мәселелері жан-жақты талданады. Сондай-ақ зерттеу материалдары ретінде ҚР Орталық Мемлекеттік архиві, ҚР Орталық Мемлекеттік музейі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі  пайдаланылды. Зерттеу барысында мәдени-тарихи, салыстырмалы, типологиялық және визуалды-антропологиялық әдістер қолданылды. Музейлік артефактілер – зергерлік бұйымдар, дәстүрлі киімдер, тұрмыстық заттар мен діни жәдігерлер арқылы түркі халықтарының этномәдени коды мен тарихи сабақтастығы айқындалады. Мақалада «музейлік түркология» терминін ғылыми айналымға енгізудің өзектілігі негізделеді.

Түйін сөздер: Қазақстан музейлері, түркі халықтары, тарихи-мәдени мұра, музейлік этнография, ғылыми-зерттеу, әдіснама, мәдени-тарихи мұра, экспонат, музейлік зат.

 

Автордың биографиясы

A. С. Есенамановна, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Есенаманова Айгерим – докторант, археология, этнология және музеология кафедрасы, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті. Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: yessenamanovaaigerim@gmail.com  

Как цитировать

Есенамановна A. (2025). ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНДЕГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 117(2). https://doi.org/10.26577/JH20251172013

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история