СЫР ӨҢІРІНДЕГІ «ЕРІМБЕТ» ТОПОНИМІ: ТАРИХИ-ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025117203
        179 61

Кілттік сөздер:

Кеңес дәуірі, Қармақшы ауданы, мүлікті тәркілеу, жер аудару, топонимика, мешіт, «Ерімбет» қыстауы

Аннотация

Бұл мақалада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағындағы «Ерімбет» жер атауының шығу тегі мен тарихи негізі қарастырылады. Зерттеу барысында осы атаудың пайда болуына қатысты мәліметтерге ерекше мән берілді. Қазақ халқы ежелден жер-су атауларына зор маңыз беріп, олардың тарихи мәнін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Алайда, Кеңес үкіметінің отарлық саясаты салдарынан көптеген елді мекен атаулары өзгеріске ұшырап, біразының шығу тарихы ұмыт болғаны белгілі. Мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты – «Ерімбет» атауының шығу тегін анықтау және оның тарихи негізін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды: тақырыпқа қатысты ауызша деректерді жинақтап, салыстыру, нарративтік деректерді талдап, ғылыми сараптама жасау, республика мен облыс деңгейіндегі архив құжаттарын зерттеу және ғылыми айналымға енгізу. Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архивіндегі және өзге де дереккөздердегі мәліметтер жүйеленіп, талданды. Жұмыста тарихи-салыстырмалы, деректерді талдау және басқа да зерттеу әдістері қолданылды. Нәтижелер. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылы маңында, батысқа қарай шамамен 13 км жерде орналасқан «Ерімбет» атауының шығуы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында осы өңірде қоныстанған Ерімбет есімді Шөмекей руының белгілі азаматының атымен байланысты. Алайда, кейбір пікірлерге қарамастан, бұл жердің атауы Сыр бойының әйгілі сүлейі, Қарасақал Ерімбетпен байланысты емес. Оның өмір сүрген жылдары 1844-1916 жылдар аралығында болған және ол Арал өңірінде дүниеге келген. Ал Жаңай ұрпағы Ерімбет Қуаңдария бойында ғұмыр кешіп, 1928 жылы осы өңірде өз қаражатына мешіт салдырған. Осы кезеңнен бастап бұл жер «Ерімбет» атауымен белгілі бола бастады. Қорытынды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрген, халық арасында абыройға ие болған Ерімбет есімі уақыт өте келе жер атауы ретінде орныққан.

Авторлардың биографиясы

Т. Я. Сәтбай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

Сәтбай Тастанбек Яхьяұлы - Тарих ғылымдарының докторы, аға оқытушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих және археология» БББ, (29А-үй. Әйтеке би көш., 120000, Қызылорда қ, Қазақстан Республикасы). Эл. пошта: dastan.satbai@mail.ru

Ә. М. Мырхиев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

Мырхиев Әбдікамал Мұқамбетқалиұлы – магистрант, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих және археология» БББ, (29А-үй. Әйтеке би көш., 120000, Қызылорда қ, Қазақстан Республикасы) эл. пошта: kamok-80@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Сәтбай, Т. Я., & Мырхиев, Ә. М. (2025). СЫР ӨҢІРІНДЕГІ «ЕРІМБЕТ» ТОПОНИМІ: ТАРИХИ-ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 117(2). https://doi.org/10.26577/JH2025117203

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества