АРХИВТЕРДІ ҚҰЖАТТАРМЕН ЖИНАҚТАУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАРИХНАМА МӘСЕЛЕЛЕРІ (1991-2021 ЖЖ.)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2025116103Кілттік сөздер:
жинақтау, архив, тарихнама, жинақтау көздері, архивтік құжат.Аннотация
Архив қызметінің маңызды бағыттарының бірі жинақтау болып табылады. Мемлекеттік архивтер мемлекеттік билік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметінде қалыптасатын архивтік құжаттармен, сондай-ақ оларға мемлекеттік емес мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар мен азаматтар берген құжаттармен жинақталады.
Осы тұрғыдан алғанда, архивтану ғылымында жинақтау мәселелерін зерттеу ерекше маңызға ие. Себебі, тарихи құжаттарды анықтау және іріктеу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды насихаттау және халық игілігіне айналдыру маңызды және жауапты іс. Яғни, архив мекемелеріндегі толықтыру жұмыстарының сапалы жүргізуіне байланысты тарих ғылымының деректанулық кешені анықталады. Сонымен қатар, архивті тарихи- құжаттық мұралармен жинақтау мәселесі бірқатар теориялық және ұйымдастырушылық аспектілерді шешуді талап етеді.
Мақалада отандық зерттеушілердің еңбектеріне тарихнамалық талдау жүргізілді. Мәселенің тарихнамасы қазақстандық архивтану ғылымында зерттелмеген. Архивтерді жинақтау үрдісін талдауға арналған отандық зерттеушілердің еңбектерін зерттеу әдістемелік аппаратты жетілдіруге және архивтану ғылымының жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми қызығушылықты көрсетеді.