ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ БАЛЫҚ АУЛАУ КӘСІБІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251172015

Кілттік сөздер:

Тарбағатай қазақтары, балық шаруашылығы, Зайсан көлі, Тұғыл ауылы, балықшылар, шаруашылық түрлері, балық өнеркәсібі.

Аннотация

Мақалада Тарбағатай өңірі қазақтарының шаруашылық түрлеріне тоқтала келіп, Зайсан көлі маңында орналасқан ауылдардың балық шаруашылығы кәсібі талданады. Мұнда Зайсан көлінде тіршілік ететін балық түрлері, оның флора-фаунасы және жергілікті қазақтардың балық аулаумен кәсібі, олардың балық ұстау құралдары мен әдістері берілген. Мақаланың мақсаты: Тарбағатай қазақтарының балық шаруашылығының дамуы, оның мезгілдік ерекшеліктері мен басқа өңірдегі балық аулау кәсібімен ұқсастығын, талдау. Нәтижесінде, Зайсан көлі жағасында орналасқан балық аулау комбинаттарының қызметтері, олардың өндірістік көрсеткіштері және қазақтардың алғашқы кәсіби балықшылардың қалыптасуы беріледі. Тарбағатай қазақтарының балық аулау кәсібінің тарихи негіздері мен қазіргі жағдайы талданып, олардың дәстүрлі шаруашылық жүйесіндегі орны анықталады. Сонымен қатар, дәстүрлі балық шаруашылығына қажетті құралдар мен әдістері салыстырылады. Балықшылар мен егіншілер арасындағы байланыс. Жыл мезгіліне қарай егіншілердің қыста балық аулаумен айналысатыны зерделенді. Қорытынды, Тарбағатай қазақтарының дәстүрлі шаруашылық жүйесінде балық аулау кәсібі айтарлықтай орын алды. Бұл Зайсан көлі, Ертіс өзені бойындағы балық шаруашылығының дамуына негіз болды. XIX ғасырдың екінші жартысында Зайсан бойында қалыптасқан балық шаруашылығы комбинаттары дәстүрі балық аулау кәсібінің негізінде қалыптасқаны анықталды.

 

Авторлардың биографиясы

А. Қ. Бейсегулова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Бейсегулова Айнура Қыдырғалиқызы – PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музейтану кафедрасының доцент м.а. E-mail: beysegulovaak@gmail.com

М. Қ. Егізбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Егізбаева Меруерт Қарпыққызы – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музейтану кафедрасының доценті. E-mail: egyzbaevamk@gmail.com

Как цитировать

Бейсегулова A. K., & Егізбаева, М. К. (2025). ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ БАЛЫҚ АУЛАУ КӘСІБІ . КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 117(2). https://doi.org/10.26577/JH20251172015

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология