ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖЕРЛЕУ ДӘСТҮРІНДЕГІ «ДӘУРЕ» ҒҰРПЫ

Авторлар

  • Р. Досмурзинов Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1756-8236

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251161018

Кілттік сөздер:

«дәуре» рәсімі, өмір циклінің ғұрыптары, жерлеу рәсімдері, ислам, шариғат, «дәуре» рәсімі, исламға дейінгі діни дәстүрлер, молда, «каффара», фидйа, сиқыршылық, синтез.

Аннотация

Осы мақалада қазақ халқының жерлеу рәсімдерінің циклына қатысты «дәуре» деген рәсімінің талдауы көрсетілген. Бұл рәсім ХIХ ғ. екінші ортасындағы еңбектерде ислам дінінің әдет-ғұрпы ретінде сипатталып келген. ХХ ғ.-да осындай көзқарас өзгеріп, «дәуре» рәсімінің исламға дейінгі діни дәстүрлермен байланысы бар екендігі туралы зерттеулер шыға бастайды.

Мақаланың мақсаты «дәуре» рәсімінің тек қана ислам дінінің қағидаларына сәйкес немесе оның исламға дейінгі діни дәстүрлермен қатты байланысы болғандықтан өткізіліп отырғанын анықтау. Мақаланың жаңашылдығы исламдық және исламға дейінгі элементтерінің арақатынастығы жағынан жаңа талдау көрінісін қолдануында болып табылады. «Дәуре» рәсімін исламға дейінгі әдет-ғұрыптылығының және ислам дінінің қағидаттарының синтез түріне жатқызу тиіс.

Ғұрыптың мәні өлген адамның күнәларын басқа адамдарға, немесе заттарға көшіру, аудару. Осындай көзқарастар исламға дейінгі заманда қалыптасқан, кейін халық ділінде оның мағынасына қайта мән беріліп, ислам дінінің әдет-ғұрпысы ретінде саналып келген. Сонымен, осы рәсім мұсылмандық элементтерін қосып алды, олардың ішінде – ислам қағидаларын бұзғаны үшін «күнәларды өтеу», молданың әдет-ғұрыпқа қатысуы, дұғалардың оқылуы.

Жалпы, осы бағыттағы зерттеулер қазақ халқының дәстүрлі және қазіргі діни дүниетанымының ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі. Құрылымдық жағынан бұл мақала кіріспеден, әдістердің сипаттамасынан, нәтижелер, талқылау және қорытындылар деген бөлімдерден тұрады.

Автордың биографиясы

Р. Досмурзинов, Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Мемлекет тарихы институты, Астана, Қазақстан

Досмурзинов Рустем Куандыкулы – PhD докторант образовательной программы «Археология и этнология», Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева; младший научный сотрудник Института истории государства, г. Астана, Казахстан. е-mail: rustem.dosmurzinov@mail.ru

Как цитировать

Досмурзинов, Р. (2025). ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЖЕРЛЕУ ДӘСТҮРІНДЕГІ «ДӘУРЕ» ҒҰРПЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 116(1). https://doi.org/10.26577/JH20251161018

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология