МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ БАСПАНАЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025116108

Кілттік сөздер:

Қазақтар, Моңғолия, киіз үй, баспана, қоныс

Аннотация

Қазақтардың тұрғын үйінің тарихы тереңде жатыр. Қазақтардың баспанасы туралы ірі еңбектер мен шағын мақалалар да бар. Бірақ Моңғолия қазақтарының қазіргі кездегі баспанасы туралы арнайы зерттеулер жоқ. Мақаланың мақсаты Моңғолиядағы қазақтардың қоныстану жүйесінің ерекшеліктерін, материалдық мәдениетінің маңызды элементтерінің бірі – баспанасының жылжымалы және тұрақты түрлерін этнографиялық экспедициялардың барысында жиналған материалдар негізінде қарастыру болып табылады. Осылайша мақала дәстүрлі баспананың қолданылуы, енгізілген жаңашылдықтар, тұрақты баспаналардың өзгеріске ұшырауы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Авторлар бірнеше экспедициялар барысында жиналған материалдарды осы мақалада негізгі дереккөз ретінде пайдаланады. Көпжылдық зерттеулер мәліметтерін этнографиялық әдебиеттердегі мағлұматтармен салыстыра сараптай отырып, тарихи-салыстырмалы әдісті қолданады және дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысуын қарастырады.

Зерттеу нәтижелері Моңғолиядағы қазақ диаспорасының арасында Баян-Өлгий аймағын мекендейтін қазақтар өзінің дәстүрлі материалдық мәдениетін қазіргі уақытқа дейін сақтап келетіндігін аңғартады. Негізгі этникалық массивтен бөлек өзге мәдени ортада мекендесе де аталмыш аймақта шоғырланып өмір сүру, сондай-ақ жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізу, елдегі халха-моңғол, урианхай және өзге түрік тектес ұлт өкілдерінің тұрмыс салтындағы ұқсастық, үкімет тарапынан қысым көрмеу және елдегі туризмнің дамуы дәстүрлі материалдық мәдениеттің сақталуына ықпал етеді.

Авторлардың биографисы

А. Шалманова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Шалманова Әлия – Тарих және дінтану кафедрасының PhD докторанты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. E-mail: aliya_sh83@mail.ru

 

 

Р. А. Бекназаров, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан

Бекназаров Рахым – тарих ғылымдарының докторы, доцент, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. E-mail: r.beknazarov@gmail.com

 

Как цитировать

Шалманова, А., & Бекназаров, Р. А. (2025). МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ БАСПАНАЛАРЫ . КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 116(1). https://doi.org/10.26577/JH2025116108

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества