ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2025116106Кілттік сөздер:
мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, ұйымдастырышылық мәдениет, этика, этикалық стандарттар, эволюция, кезеңдікАннотация
Мемлекеттік қызметтегі ұйымдастырушылық мәдениет тиімді басқаруда, шешім қабылдауда және азаматтық қоғаммен қарым-қатынаста шешуші рөл атқарады. Жасалған талдау жаһандануды, саяси және экономикалық жағдайлардың өзгеруін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен қағазбастылық сияқты қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, ұйымдастырушылық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік қызмет функциясының маңызды құрамдас бөлігіне айналатынын көрсетеді. Бұл зерттеу ежелгі институттардан бастап ЭЫДҰ елдеріндегі жаңа мемлекеттік менеджмент тұжырымдамасының даму тенденцияларына дейінгі тарихи ретроспективада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ұйымдастырышылық мәдениеттің қалыптасуы мен эволюциясы мәселесіне арналған. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мәдениеті серпінді әрі ашық бола түсті, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасына және халықтың жалпы қанағаттану деңгейіне оң әсерін тигізді деген қорытынды жасалды. Авторлар ұйымдастырушылық мәдениеттің эволюциясын оның қалыптасуынан бастап тарихи талдау, мазмұнды талдау және салыстырмалы зерттеулер негізінде қазіргі сын-қатерлер мен тенденцияларға дейін талдайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі мен қызметтік этикасының ұйымдастырушылық мәдениеті эволюциясының кезеңділігі мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік бағдарламалармен және нормативтік-құқықтық актілермен негізделген. Зерттеу барысында қолданыстағы жүйенің күшті және әлсіз жақтары анықталып, мемлекеттік басқарудың заманауи сапасына қол жеткізу үшін ұйымдастырушылық мәдениеттің рөлі мен маңыздылығын қайта қарау қажеттілігі негізделді.