«ЗАР ЗАМАН» ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОТАРЛАНҒАН ҚАЗАҚ ОЙЫ МЕН КҮЙІНІҢ ӘРЛЕНУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025116109

Кілттік сөздер:

зар заман, отаршылдық, саясат, ой, дін,әсер

Аннотация

Отаршылдыққа қарсы идеялық күрес жүргізген «Зар заман» ағымы халық ахуалының нашарлауы, жер мен судан айырылуы, билік жүйесінің тізгінін ұстап отырғандар тарапынан жасалған жүгенсіздік пен парақорлық, адамдардың мінез-құлқының бұзылып, моральдық азғындауы, діннің бұзылуын өз шығармаларына арқау етті. Мақалада Ы.Алтынсарин қағаз бетіне түсірген «Горе киргиза» атты шығарманың мұрағаттық толық нұсқасы талданады. Ы.Алтынсарин осы шығарма арқылы Ресей империясының әкімшілік басқару реформасының сәтсіздігін көрсетуді көздеді. Ы.Алтынсариннің жолдаған хатындағы осы мәтін, кейінгі зерттеулерде «зар заман» деген атаумен белгілі болды. «Зар заман» шығармашылығы қоғамдық ойдың көрінісі болды. Оларды халықтың ой-күйі алаңдатты,  қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын іздеді.  «Зар заман» ағымы қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің идеялық  өзегі болды. Сондықтан зар заман тек әдебиеттану ғылымының зерттеу объектісі ғана емес, бұл тақырып әлеуметтік, қоғамдық-саяси ой ағымы ретінде тарихшылар тарапынан да назарға алынғаны жөн. Ресей империясының отары болған халықтарда, оның ішінде қырғыз, қарақалпақтарда зар заман ағымының  философиясын, тарихын зерттеген арнайы зерттеулер бар. «Зар заман» жырлары ұлтымыздың ақыл-ойының жемісі. Бұл шығармалардың жолдары, өткенді жырласа да, болашақтың бағдарына баға беруге тырысты. Бұл шығарамаларға дәстүршіл, өткенді аңсау, түңілу, сәуегейлікке тән мәтіндердің жиынтығы ретінде баға берді. Бірақ, бұл туындылар сол заманның шынайы құбылысын бүкпесіз, ешқандай ақтаусыз, түрлендірмей әрлеуге тырысты.

Авторлардың биографисы

Э. Телеуова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

Телеуова Эльмира Тешебаевна – тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

 

 

 

Г. Искакова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

Искакова Галия Зейдилдаевна – PhD, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

 

 

Как цитировать

Телеуова, Э., & Искакова, Г. . (2025). «ЗАР ЗАМАН» ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОТАРЛАНҒАН ҚАЗАҚ ОЙЫ МЕН КҮЙІНІҢ ӘРЛЕНУІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 116(1). https://doi.org/10.26577/JH2025116109

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества