ХІХ Ғ. АЯҒЫ - ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАРЫНДАҒЫ ОРТА АЗИЯ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251161015
        79 27

Кілттік сөздер:

Осман империясы, Орта Азия, саясат, дін, идеология, Ресей үкіметі, панисламизм, пантюркизм.

Аннотация

Отандық тарихты түркі халықтары мен мемлекеттерінің тарихы аясында тұтас тарихи процесс ретінде қарастыру, ішкі-сыртқы факторлардың қатысуымен түркілік мұсылман халықтарының саяси, діни және идеологиялық өміріндегі шешуші кезеңдерді басқа ракурста жаңа көзқараспен зерттеу маңыздылығы артуда. Себебі тарих ғылымы бүгінгі зерттеулерге жаңа міндеттер мен заманауи теориялық-методологиялық ұстанымдар негізінде қарастыруды жүктеп отыр.

Ғылыми мақалада автор зерттеу материалдарын революцияға дейінгі, кеңестік және заманауи тарихи зерттеулер деп топтастырады. Және әр тарихи кезеңдегі практикалық және академиялық зерттеу материалдарына шолу жасай отырып, жеке көзқарасын білдіреді. Автор Осман империясының сыртқы байланыстарындағы Орта Азия тақырыбы жанама әрі біржақты зерттелуі тарихи процестерге объективті баға беру мүмкіндігін шектеді деп тұжырымдайды. Зерттеушілердің еңбектеріне тарихнамалық шолу барысында: біріншіден, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Осман империясының Орта Азиядағы саясаты Ресейге қарсы бағытталған әскери-саяси және контрреволюциялық күштер; екіншіден, Ресей құрамындағы мұсылман елдерін діни біріктіру жолындағы түріктердің ислам қозғалысы ретінде бағаланғандығы анықталды.

Қорытындылай келе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Орта Азияда орын алған әртүрлі тарихи құбылыстар әлемдік империялар алдына жаңа саяси проблемалық мәселелер қоя отырып, тұтас түркілік идеяның өмірлік өзектілігі бар екенін дәлелдеді. Бұл мәселе ХХІ ғасырда да өзінің жалғасын тауып отырғанын көрсетті.  

Автордың биографиясы

С. Калдыбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Алматы қ., Қазақстан

Калдыбаева Сафура Сапаргалиевна - докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., e-mail: safurakaldybayeva@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Калдыбаева, С. (2025). ХІХ Ғ. АЯҒЫ - ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАРЫНДАҒЫ ОРТА АЗИЯ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 116(1). https://doi.org/10.26577/JH20251161015

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история