АЙША-БИБІ ЖӘНЕ БАБАЖЫ-ҚАТЫН КЕСЕНЕСІ: КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ЗЕРТТЕУ, РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АТЕИСТІК НАСИХАТ

Авторлар

  • С. A. Сапатаев Селчук университеті, Кония қ., Түркия. https://orcid.org/0000-0003-2873-5183
  • З. С. Куралова Селчук университеті, Кония қ., Түркия. https://orcid.org/0009-0007-9258-198X
  • Т. Жолдасұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251161016

Кілттік сөздер:

Айша-бибі кесенесі, Бабажы-қатын кесенесі, реставрация, зерттеу, қасиетті жер, сопылық, атеизм

Аннотация

Айша-бибі және Бабажы-қатын кесенелері XI-XII ғасырлардағы ислам сәулет өнерінің бірегей үлгілері болып табылады және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасында маңызды орын алады. Бұл мақалада аталған кесенелердің зерттелуі мен реставрациясы, сондай-ақ кеңестік кезеңдегі атеистік саясаттың олардың сақталуына ықпалы талданады. Зерттеудің мақсаты – кесенелердің тарихи және сәулеттік ерекшеліктерін ашу, кеңестік реставрациялық әдістердің тиімділігін бағалау және атеистік насихаттың салдарын зерттеу. Зерттеу барысында Жамбыл облысының мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми архивінің құжаттары пайдаланылды. Архивтік деректерді тарихи-салыстырмалы әдіспен талдау кесенелердің мәдени және тарихи маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Мақалада кеңестік кезеңдегі реставрация жұмыстарының ұйымдастырушылық және техникалық шектеулері, сондай-ақ кеңес тоталитарлық идеологиясының кесенелердің рухани және мәдени рөліне әсері қарастырылады. Айша-бибі және Бабажы-қатын кесенелерінің сәулеттік ерекшеліктеріне, реставрация әдістеріне және олардың нәтижелеріне ерекше назар аударылып, Қазақстанның мәдени мұрасының бірегейлігі мен байлығы көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері бұл кесенелердің тарихи-мәдени құндылығын сақтау үшін жүйелі және ғылыми негізделген тәсілдерді қолданудың қажеттілігін көрсетеді. Ұсынылған мақала Қазақстандағы мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша зерттеулерге үлес қосып, болашақ реставрациялық және ғылыми жұмыстарға әдістемелік негіз бола алады.

Авторлардың биографисы

С. A. Сапатаев, Селчук университеті, Кония қ., Түркия.

Сапатаев Самат Абдиразакович – докторант, Археология кафедрасы, Селчук университеті, Кония қ., Түркия. E-mail: samat.sapatayev@gmail.com

З. С. Куралова, Селчук университеті, Кония қ., Түркия.

Куралова Зульфия Сеитбекқызы – магистрант, Археология кафедрасы, Селчук университеті, Кония қ., Түркия. E-mail: zulfiyakuralove@gmail.com

Т. Жолдасұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан.

Жолдасұлы Талғат – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Тарих және археология кафедрасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан. E-mail: zholdassuly2018@gmail.com

Как цитировать

Сапатаев S. A., Куралова Z. S., & Жолдасұлы, Т. (2025). АЙША-БИБІ ЖӘНЕ БАБАЖЫ-ҚАТЫН КЕСЕНЕСІ: КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ЗЕРТТЕУ, РЕСТАВРАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ АТЕИСТІК НАСИХАТ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 116(1). https://doi.org/10.26577/JH20251161016

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология