І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2025117208

Кілттік сөздер:

Жетісу, Ресей, Қоқан, Ұлы жүз, көтеріліс, сұлтан, манап.

Аннотация

Ілияс Жансүгіров қазақ қоғамына ақын, әдебиетші, журналист ретінде танымал. Бірақ оның тарихи бағытта жазылған шығармалары көп жағдайда қалың оқырманның назарынан тыс қалып жатты. Бірінші себеп, ақынның сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жазалануы, екіншіден, жазған еңбектерінің кеңестік қатаң саясаттың нәтижесінде оқылуға тыйым салынуы болды.  Зерттеу мақаламыздың мақсаты құлагер ақынның «Жетісу өлкесін орыс алуы» атты тарихи тұрғыда жазылған шығармасы негізінде Кенесары Қасымұлының тарихи тұлғасы және ол бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, сонымен қатар, оның өз әскерімен Жетісу өңіріне келуі мен жүргізген әскери іс-қимылдары, өмірінің соңғы сәттеріне қатысты оқиғаларды ғылыми тұрғыда қарастыру.

Мақалада тарих ғылымындағы проблемалық, тарихилық және объективтілік принциптеріне сүйенген методология аясында жүйелеу, талдау, сондай-ақ тарихи фактілермен жұмыс жасау әдістері қолданылды. Өйткені, тек тарихи факт арқылы тарих ғылымының танымдық әлеуетін ашуға болады. Сонымен қатар, І.Жансүгіровтың ақындық және журналистік дарыны халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерімен тығыз байланыста болғандығын, атап айтқанда Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» дастаны мен басқа да ауызша тарих айту дәсүрінің заңды жалғасы ретіндегі ауызша тарих айту, логикалық қорыту  әдістері кеңінен пайдаланылды.

Зерттеу мақаламыздың  ғылыми жаңалығы ретінде Ресей империясының отарлау саясаты туралы мәселе І.Жансүгіровтың тарапынан жан-жақты зерттелгеніне көз жеткізілді. Әскери-казактық отарлауға қарсы жалпыұлттық сипатқа ие болған Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс де назардан тыс қалмай қарастырылған. Әсіресе, көтерілістің соңғы әрі шешуші кезеңі, Жетісу жеріндегі іс-әрекеті тек тарихи тұрғыда зерттеліп қоймай, «Күйші» поэмасы арқылы көтерілістің ішкі ерекшеліктерін де түйсінуге қол жетікізілді. Құлагер ақынның Нысанбай жырау мен одан кейінгі ақын-жыраулардың туындыларымен таныс болғандығы, олардан рухани нәр алғандығы пайымдалды.

Ресейдің Жетісу өлкесін отарлауы және Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің соңғы кезеңін қарастыру барысында Ілияс Жансүгіровтың еңбегін назардан тыс қалдыруға болмайды деген тұжырым жасаймыз. Яғни, құлагер ақынның тарихи еңбектері аталған мәселені терең түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан мақалада атап көрсетілген шығармаларын кәсіби тарихшылар назарда ұстап, өз зерттеулерінде пайдаланғаны дұрыс болмақ.

Авторлардың биографиясы

Е. Буланов, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.

Буланов Ержан Олжабаевич – т.ғ.к., оқытушы-дәріскер, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті. E-mail: erzhan_bulanov@mail.ru

М. Иманғазинов, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.

Иманғазинов Мұратбек Мубаракханович – ф.ғ.д., профессор, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті. Е-mail: imangazinov_muratbek@mail.ru

Как цитировать

Буланов, Е., & Иманғазинов, М. (2025). І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕЛЕРІ . КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 117(2). https://doi.org/10.26577/JH2025117208

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества