ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ БАТЫРЛАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ (АСҚАР НҰРЫМБЕТОВ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH20251161013Кілттік сөздер:
Асқар батыр, әлеуметтік мекеме, жырау, Жүнайдхан, Қоңырат, тарихи тұлға, басқыншылар, ӘмударияАннотация
Бұл мақала ХХ ғасыр басындағы Әмудария төменгі ағысындағы Асқар Нұрымбетовтің қызметі арқылы халық батырларының Қарақалпақстан тарихында әлеуметтiк институт ретіндегі маңызына арналған. Зерттеу жұмысында Қарақалпақстан тарихындағы тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін көрсету мақсатында тарихшылардың назарында болмаған батырлық жырларға, аңыздарға, дала жазбаларына, Асқар батыр туралы қолжазбаларға негізделген дереккөздер талданды. ХХ ғасырдың басындағы Әмудария төменгі ағысының сол жағалауы аумағындағы халық батырларына тән қасиет – олардың қозғалысы саяси қозғалысты білдірмеген, ал Жүнайдхан бастаған басқыншыларға қарсы күрес болса, елді қорғау жалпы әлеуметтік тарих контексінде зерттеуге бағытталған әлеуметтік үдеріс болды. Бұл жұмыстағы жаңа көзқарас пен қарастыру нәтижелерін ХIХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы, сондай-ақ Орталық Азиядағы тарихты, тарихи тұлғаларды одан әрі жаңа көзқарастар мен ғылыми зерттеулерде пайдалануға болады. Сонымен қатар, Асқар Нұрымбетов пен басқа да тарихи тұлғалардың қызметі туралы мәліметтер аз болғандықтан, бұл зерттеу материалдарын Орталық Азия тарихын зерттеуге қызығушылық танытқандар үшін ашық ақпарат ретінде пайдалануға болады.