ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ УЕЗД БАСТЫҚТАРЫНЫҢ КІШІ КӨМЕКШІKЛЕРІ: ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v115.i4.a2Кілттік сөздер:
қазақ шенеуніктері, Жетісу облысы, уезд бастығының кіші көмекшісі, «түземдік әкімшілік», жергілікті басқару, отарлық қатынасАннотация
Бұл мақалада ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Жетісу облысында уезд бастығының кіші көмекшісі лауазымында қызмет атқарған қазақ шенеуніктері қызметтерінің ерекшеліктері зерттелінеді. Зерттеу жұмысының мақсаты аталған лауазымның ерекшеліктерін, олардың қызметтік міндеттемелері мен еңбек шарттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі рөлін анықтау болып табылады. Аталған қызметке тағайындау, оларды марапаттау мен басқа да мысалдары кеңінен қарастыру да маңызды болды.
Мақалада аталған лауазымда қызмет еткен қазақтарға қатысты патшалық өкіметтің қатынасына ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, автор патшалық биліктің бұл лауазымға қатысты ұстанымының динамикалық өзгеруін бақылап, бұл лауазымның неліктен Жетісу облысының билік құрылымында басқа қазақ облыстарына қарағанда ертерек жойылғаны туралы сұрақтарға жауап іздейді. Түрлі тарихи деректерді қолдана отырып, мақалада аталған сұрақтың жауаптары келтіріледі.
Сондай-ақ зерттеу жұмысында автор салыстырмалы талдау тәсілін қолдана отырып ресми және бейресми сипаттағы деректер өзара салыстырылды. Бұл тәсіл аталған лауазымға қатысты патшалық биліктің де, жергілікті қоғамны да қабылдау ерекшеліктерін анықтауға көмектесті. Нәтижесінде автор уезд бастығының кіші көмекшілері туралы қорытынды ойларын келтіреді. Бұл қорытынды ойлар өз кезегінде аталған облыс аумағындағы немесе жалпы Қазақ даласындағы қазақ шенеуніктерінің жалпы бейнесін қалыптастыруда өте құнды болып табылады.