ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ИТТІҢ РӨЛІ (XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-016
        100 28

Аннотация

Мақалада қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, шаруашылығы мен мәдени өмірінде маңызын жоғалтпай, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан итпен қатысты ырымдар мен тыйымдар, аңышылық пен саятшылықтың тамыры тереңде жатқаны, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ даласының этнографиялық тарихынан мәлімет беретін зерттеушілердің еңбектері талданады. Зерттеудің мақсаты мен міндеті - қолға үйретілген алғашқы үй жануар ретінде түрлі халықтардың өмірінде маңызды рөлге ие иттің - қазақ қоғамында да, мал-жайды қорғаушы, күзетші, аңшылық жүйеде - қорек, табыс әкелуші, діни-мифологиялық тұрғыдан - жамандықтан сақтаушы мәнге ие болғанын зерттеушілер еңбектеріне тарихнамалық талдау барсында зерделенеді.  Зерттеу жұмысында  “ит” ұғымы түркі халықтарына ортақ болғанымен, көшпелі қазақ қоғамының мәдени-шаруашылық өмірінің ерекшелігіне сәйкес, бірқатар айырмашылықтар болғаны туралы, атап айтқанда, қазақтарда кең тараған екі иттің түрі, яғни көшпелі өмірде мал-жанды қорғайтын - “төбет” жөнінде және аңшылықта қолданатын - “тазы” болғаны туралы А. Брем, А. Щербак, А. Добросмыслов, Я. Полферов, И. Ибрагимов, М. Массонның еңбектері негізінде дәйектеледі. Ал А. Диваев, А. Будагов, Р. Карутц, С. Абрамзонның еңбектері негізінде қазақтардың дүниетанымындағы итпен байланысты ырымдар мен салт-жоралғылар зерделенді. Қорытынды. Қазақ иті туралы мәлімет берген зерттеушілердің еңбектерін талдай келе, қазақтың дәстүрлі қоғамында иттің мәдени, тарихи, шаруашылық тұрмысында маңызды рөл атқарғанын және қазақ даласында кең таралған екі түрі болғанын айқындалды.

Кілт сөздер: қазақтар, ырымдар, ит, “зоологиялық код”, деректер, тарихнама, тотемизм.

Авторлардың биографисы

Б. Б. Кожахметов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Қожахметов Бағашар – докторант, археология, этнология және музеология кафедрасы, әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті. Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: bagashar0909@gmail.com

Д. С. Байгунаков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Байгунаков Досбол Сулейменович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, тарих факультетінің деканы, әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті. Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: dosbol_bs@mail.ru

 

Жүктелулер

Как цитировать

Кожахметов B. B., & Байгунаков D. S. (2024). ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ИТТІҢ РӨЛІ (XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 114(3). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-016

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология