ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕРЛЮСТРАЦИЯ (XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ- XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-06Аннотация
Жасырын бақылау империя кезінде негізгі мақсаты халықтың, көпшіліктің нені ойлап, нені қолдайтынын білу оларды бақылауда ұстау болды. Яғни, халықтарға, адамға ықпал етіп, олардың санасын толықтай иелену болды. Сол себепті Нацистік Германияда болсын, Кеңес Одағында немесе Ресей империясында болсын бақылауды орнату жобасы – халық көңіл күйлері туралы ақпаратты жинаумен қатар, негізгі мақсаты көпшілікті трансформацияға ұшырату болды. Ресей империясында жасырын бақылау механизмдері болып саналған перлюстрация мен цензура пошта-телеграф мекеме қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асырылды. Жетісу облысында перлюстрация орталықтары болған жоқ. XIX ғасырдың соңы- XX ғасырдың басында Жетісу облысына хат-хабарлар, жөнелтілімдер Ресей империясының барлық территориясынан және шетелден келетін. Жергілікті әкімшілік, арнайы мекемелер және пошта-телеграф мекеме қызметкерлері белгілі механизммен хат-хабарды бақылауға алды. Жетісу облысында перлюстрацияны жүргізуде пошта-телеграф мекемелерінің ( XIX ғасырдың соңы- XX ғасырдың басы) қызметі мен ерекшеліктерін анықтау мақаланың мақсаты болып табылады. Ресей империясында перлюстрация тарихы, Жетісу облысында перлюстрация жүзеге асырылуы, империяда қарастырылып отырған уақыт шеңберінде тұлғаларды бақылауға алу мәселелері жан-жақты қарастырылады.
Кілт сөздер: перлюстрация, «Қара кабинеттер», хат-хабар, жөнелтілімдер, пошта, телеграф, пошта жолдары, пошта-телеграф қызметкерлері.