ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КСР ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1941-1945)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-01
        151 47

Аннотация

Кеңес Одағында билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың негізгі аспектілерінің бірі еңбек болды. Еңбекке саналы түрдегі қарау идеологиясы социалистік еңбек тәртібінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын.
Мақаланың мақсаты соғыс кезінде (1941-1945 жж.) Қазақстанға эвакуацияланған өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекті ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктері мен еңбек тәртібінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қорғаныс кәсіпорындарындағы еңбек тәртібінің ерекшелігін, оны кәсіпорындардағы жұмысшыларының әртүрлі бұзушылықтарын, сондай-ақ құқық бұзушыларға қатысты жазалау шараларын ашатын орталық және өңірлік мұрағаттардың жарияланған, жарияланбаған мұрағаттық құжаттарын талдау арқылы іске асырылды.
Мақала мемлекеттік еңбекті ұйымдастыру жүйесін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретінинституционалдық және күнделікті тарих тәсілдерінденде негізделген. Жұмысшылардың еңбек тәртібі, олардың бір мезгілде тарих объекті ретінде де, субъект ретінде де әрекет етуі аясында қарастырылады. Тарихнамада еңбек тәртібінің мәселелері біржақты, негізінен еңбекшілердің жаппай еңбек ынтасының призмасы арқылы көрсетілді. Бұл мақалада өңдірістік процесті ұйымдастыруға эвакуациялау процестерінің әсері және кәсіпорындардағы өңдірістік және еңбек тәртібінің арақатынасы мәселелері талданады. Жабдықтардың істен шыққан жағдайлары, өңдірістегі авариялар, сондай-ақ бұрын жеке қарау нысанасы болып табылмаған кәсіпорындардан жұмысшылардың кетуінің себептері мен салдары анықталды.
Кілт сөздер: еңбек тәртібі, Қазақ КСР, еңбек тарихы, қорғаныс кәсіпорындары, еңбекті ұйымдастыру

Авторлардың биографисы

М. Доскалиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Меруерт Әлбекқызы Досқалиева – докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алма
ты қ. Е-mail: doskalyeva@gmail.com

Р. Жаркынбаева , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Роза Сейдалықызы Жарқынбаева – т.ғ.д., профессор, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафе-драсы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: roza.zharkynbayeva@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Доскалиева, М. ., & Жаркынбаева , Р. (2024). ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КСР ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1941-1945). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 114(3). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-01

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества