РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНДА ҚАЖЫЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МАҢЫЗЫ: ДАЛА ӨЛКЕСІНЕН МЕККЕГЕ САПАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-010
        71 27

Аннотация

Мақалада Ресейдің әртүрлі аймақтарынан мұсылмандардың қасиетті Мекке, Медине жерлеріне қажылық маршруттарының қалыптасу үдерісі талқыланады. XIX ғ. соңы – XX ғ. басында орын алған Ресей империясындағы қажылық қозғалыстың даму шарттары мен мәселелері, сондай – ақ қажылық жолдардың маңызы мен ерекшеліктеріне талдау жасау міндеттері жүзеге асырылды. Империядағы көп санды мұсылмандар үшін қасиетті қажылық міндетін атқарудың маңызы қаншалықты үлкен болса да, империя тарапынан жиі алаңдатушылық тудыртты. Қажылық маршруттардың бойында Ресейдің консулдық желісінің құрылуы, империяның қажылыққа қатысты мемлекеттік саясатының XIX ғасырдың соңында қолға алғанын көрсетеді. Және де белгілі ресми жол бағыттарының бекітілуі, құрамындағы мұсылман халықтарына деген бақылауын күшейте түсті. Алайда, Ресей империясындағы теміржол желісінің салынып, теңіз жолдарының жандауы мұсылман халықтары үшін үлкен мүмкіндіктер тудырды. Жол уақыты қысқарып қана қоймай, біршама қауіпсіздікпен де қамтамасыз етілді. Ендігі кезекте, ресейлік мұсылмандар, соның ішінде қазақ даласынан да қажылар легі күрт өсе бастады. Әрине мемлекеттік арнайы жолдар арқылы жүру ішін, ресми құжаттардың да қажеттілігі туындады. Осы орайда, арнайы қажылық төлқұжаттар алу мәселесі де назарға алынады.

Кілт сөздер: қажылық, Ресей империясы, теміржол желісі, пароходтар, қажылық жолдар.

Автордың биографиясы

К. Қ. Қабдолдина, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

Қабдолдина Керім Қуанышқызы – Тарих факультеті, Қазақстан тарихы   кафедрасының оқытушысы, әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан.  e-mail: kerim.kabdoldina@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Қабдолдина, К. Қ. (2024). РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНДА ҚАЖЫЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МАҢЫЗЫ: ДАЛА ӨЛКЕСІНЕН МЕККЕГЕ САПАР. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 114(3). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-010

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества