ХХ ғ. 20 жж. басындағы Қазақ АССР қаржы органдарының қалыптасуы және қаржылық саясат мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-184Аннотация
ХХ ғасырда жаңадан құрылған Қазақ кеңестік мемлекетінің мекемелер жүйесінде айырықша орын алатын қаржы жүйесінің мекемелері аяғынан тік тұрып кетуі аса маңызды болды.
Мақалада алғашқы қаржы мекемелерінің құрылып, біртіндеп нығаюының тарихи кезеңдерінің мәселелері, сол кезеңде кеңестік орталықтың республикаға жүргізген қаржылық саясатының тұстары қарастырылады.
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қаржы жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері, қаржы саясатының бағыттары, функциялары көрсетілген екен және қаржы жүйесінің кадр әлеуеті, кадр саясатының мәселелері, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы талданады. Сонымен қатар, әр мемлекеттің тәжірибесінде болатын бастапқы кезеңде халық шаруашылығы салаларында туындайтын қиыншылықтар, мемлекеттік мекемелердің қалыптасуының тарихы, мемлекеттің қаржымен қамту саласындағы бағыттары айқындалады. Зерттеу архив қорларының құжаттары және материалдары негізінде жүргізілді.