ХХ ғ. 20 жж. басындағы Қазақ АССР қаржы органдарының қалыптасуы және қаржылық саясат мәселелері

Authors

  • B. Nurpeisova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Zh. Dyussembekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-184
        58 29

Abstract

ХХ ғасырда жаңадан құрылған Қазақ кеңестік мемлекетінің мекемелер жүйесінде айырықша орын алатын қаржы жүйесінің мекемелері аяғынан тік тұрып кетуі аса маңызды болды.
Мақалада алғашқы қаржы мекемелерінің құрылып, біртіндеп нығаюының тарихи кезеңдерінің мәселелері, сол кезеңде кеңестік орталықтың республикаға жүргізген қаржылық саясатының тұстары қарастырылады.
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы қаржы жүйесінің қалыптасуының негізгі кезеңдері, қаржы саясатының бағыттары, функциялары көрсетілген екен және қаржы жүйесінің кадр әлеуеті, кадр саясатының мәселелері, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы талданады. Сонымен қатар, әр мемлекеттің тәжірибесінде болатын бастапқы кезеңде халық шаруашылығы салаларында туындайтын қиыншылықтар, мемлекеттік мекемелердің қалыптасуының тарихы, мемлекеттің қаржымен қамту саласындағы бағыттары айқындалады. Зерттеу архив қорларының құжаттары және материалдары негізінде жүргізілді.

Downloads

How to Cite

Nurpeisova, B., & Dyussembekova, Z. (2018). ХХ ғ. 20 жж. басындағы Қазақ АССР қаржы органдарының қалыптасуы және қаржылық саясат мәселелері. Journal of History, 88(1), 90–95. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-184

Issue

Section

Journal KazNU: History