Кеңес Одағының батыры С.Нұрмағамбетовтың жауынгерлік жолы мен қолбасшылық қызметі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-02Аннотация
Мақалада Сағадат Нұрмағамбетовтың туған жері, балалық шағы мен оның ата-анасынан жастайынан айрылуы және мектеп қабырғасында білім алып ержетуі туралы айтылады. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның Кушка қаласындағы 1-Түркістан пулеметшілер училищесінде оқуы, 1943 жылы батыстағы майдан шебіне аттанғануы, 19 жастағы лейтенанттың ауыр пулеметтер взводының командирі болып тағайындалуы қарастырылады. Оның Екінші дүниежүзілік соғыс шайқастарында Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Батыс Белоруссияны, Польшаны азат етуге және Берлин операциясына қатысуы сипатталады. Оның соғыс жылдары бірнеше мәрте әскери соғыс қимылдарына қатысып, осы шайқастардағы ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағын алу тарихы айқындалады. Соғыс аяқталғаннан кейін оның түрлі әскери округтерде атқарған қызметтері көрсетіледі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін оның президент Жарлығымен тұңғыш Қорғаныс министрі болып тағайындалуы сарапталады. Оның айбынды армия құрудағы және әскери кадрлар мен әскери білім жүйесін жетілдірудегі рөлі туралы дәлелдер келтіріледі. Елімізде оның есімімен аталатын әскери оқу орындары, майдан туралы жазған кітаптары көрсетіліп, қазіргі Қарулы Күштердің дәстүрлері мен берік іргетасын қалыптастырудағы игі істері баяндалады.
Түйін сөздер: Училище, пулеметші, офицер, майдан, ерлік, қаһарман, батыр, шайқас, соғыс, армия, қорғаныс, қарулы күштер, кадр, әскери білім.