ТҮРІК БАСПАСӨЗІНДЕ СОҒЫС ЖӘНЕ ҚАУЕСЕТ: БАРБАРОССА ОПЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-013
        81 25

Аннотация

Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды бетбұрыс нүктесі болған «Барбаросса» операциясының кез келген сәтте соғысқа кіру қаупі төнген Түркия үшін де маңызы зор болды. 1939 жылы 23 тамызда қол қойылған Неміс-совет шабуыл жасамау пактісі ұзаққа созылмады. Ақыры, 1941 жылдың 22 маусымында Германия Совет Одағына шабуыл жасады және осылайша Екінші дүниежүзілік соғыстың жаңа дәуірі басталды. Түркияның соғысқа қатысты алаңдауын одан әрі арттырған бұл жағдайды түрік баспасөзі де мұқият қадағалап отырды және шабуылдың дәл алдында немістердің советтерге қарсы шабуылға дайындалып жатқаны туралы әңгімелер талқылана бастады. Бұл зерттеуде немістер мен Кеңес Одағы арасында 1939 жылы шабуыл жасамау келісіміне қол қойылғаннан кейін көп ұзамай немістер жүргізген Барбаросса операциясының түрік баспасөзіндегі көріністері қарастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында және одан кейінгі кезеңде түрік баспасөзінің бұл ұлы соғысқа деген көзқарасы мезгіл-мезгіл өзгеріп, бұл айдар мен жаңалықтарда көрініс тапты. Соғысқа белсене араласудан қашқақтап, әр мүмкіндікте соғыстан тыс қалғанын мәлімдеген түрік үкіметінің шешімі түрік баспасөзі тарапынан қолдау тапқаны белгілі. Сондықтан бұл зерттеуде бұғаздардағы талаптары мен соғыстың басында Германиямен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты Кеңес өкіметінен сақтанып жүрген түрік баспасөзінің көзқарасы зерттеуде хронологиялық тұрғыдан қарастырылып, нәтижелер талқыланатын болады.

Бұл зерттеуде шабуылдан бұрынғы соғыс қауесеттері де, шабуылдан кейінгі тақырыпқа қатысты түрік баспасөзінің талдаулары да қарастырылады. Осы мақсатқа жету үшін аталған кезеңде жарияланып тұрған «Акшам», «Жумхуриет», «Тан» және «Улус» газеттері секілді түрлі көзқарастағы түрік баспасөздеріне талдау жасалады.

Кілт сөздер: Германия, Барбаросса операциясы, Совет Одағы, Түрік баспасөзі.

Авторлардың биографисы

Ч. Бенхүр

Чагатай Бенхүр – PhD, тарих бөлімінің профессоры, Селчук университеті, Кония қ., Түркия. Е-mail: cag1974@yahoo.com

T. Жолдасұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан

Жолдасұлы Талғат - PhD, тарих және археология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Қорқыт Ата ат. Қызылорда университеті. Е-mail: zholdassuly@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Бенхүр Ç., & Жолдасұлы, Т. (2024). ТҮРІК БАСПАСӨЗІНДЕ СОҒЫС ЖӘНЕ ҚАУЕСЕТ: БАРБАРОССА ОПЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 114(3). https://doi.org/10.26577/JH.2024.v114i3-013

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история