Депортацияланған кәрістердің вагондық (отбасылық) тізімдері зерттеуге арналған көпнұсқалы дереккөзі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-014Кілттік сөздер:
вагондар тізімі, дереккөз, депортация, кәрістер, азаматтық, демография, антропонимикаАннотация
Мақалада тарих ғылымында тұңғыш рет депортацияланған кәрістердің вагондық (отбасылық) тізімдері мультипәнаралық зерттеу үшін маңызды дереккөзі ретінде қарастырылады. «Аса құпия» грифі бойынша көптеген жылдар бойы сақталған кәрістердің депортациясы туралы архив құжаттары 1990 жылдары қолжетімді болды, алайда вагондық (отбасылық) тізімдері арнайы зерттеу нысаны бола қоймады, тек кейбір басылымдарда олар жайлы айтылып қана кетті. Ақпараттардың шектеулі және аздығына қарамастан ондаған мың адамдардың тізімі 1937 жылғы депортация кезіндегі ілімді верификациялау және кәріс халқының демографиялық көрсеткіштеріне қатысты жаңа мәселелерді қарастыруға аса мол материал бере алады, соның ішінде зерделенетін – кәріс отбасының орташа көлемі, оның құрамы, кәріс балалардың саны, т.с.с. Депортацияланған кәрістердің тізімінде көрсетілген ата-тегі (фамилиясы), аты-жөні, әкесінің есімі (болған жағдайда) антропонимияны, орыс тілінде дыбысталған кәріс ата-тектері транскрипциясының ерекшеліктері, есім атауының модельдері, т.б. жайттардың маңызды деректемесі болып табылады. Депортацияланған кәрістердің азаматтығы жайлы тақырып мәнді де приоритетті болып тұр, себебі зерттеу дискурсында ол «ақтаңдақ» болып келді. Бұл сауал бойынша көзқарастар диаметрлі түде қарама-қарсы бағытта бөлініп кеткен-ді. Бірқатар авторлар депортацияға ұшыраған кәрістер КСРО азаматы болмаған десе, келесілері, керісінше, кәрістердің басым бөлігі кәмелеттік жасқа толған және олардың кеңестік паспорттары болған деп есептейді. Вагондық тізімдерде кәмпескеленген паспорттар саны мен есептеулер бар, осылардың негізінде жасалған мәліметтер кәрістердің басым бөлігі КСРО азаматы болғандығын растайды. Мақалада РФ архивтерінен табылған тек қана вагондық тізімдердің бір бөлігі ғана пайдаланылды, сол себепті бұл бағыттағы дереккөздерін әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар аясында қарастыру үшін іздестіруді одан ары жалғастыру қажет.
Түйін сөздер: вагондар тізімі, дереккөз, депортация, кәрістер, азаматтық, демография, антропонимика